Basty bet

«Азаматтардың құқыққорғау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге құқылы»

 

Құқықтары мен бостандықтарын прокурордың, тергеу және анықтау органдарының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі тікелей қозғайтын тұлға қылмыстық құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуында, тергеп-тексеру мерзімдерін үзуде, қылмыстық істі тоқтатуда, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруда, тінтуді және (немесе) алуды жүргізуде, өзге де әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасауда және шешімдерді қабылдауда заңның бұзылуы туралы арызды қабылдаудан бас тартуға шағыммен сотқа жүгінуге құқылы.

Сот шағымды қараған кезде істегі бар дәлелдемелерге баға бермей, арыз иесі өз шағымында көрсеткен барлық мән-жайларды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың тексергенін және ескергенін анықтауға тиіс. Бұл ретте сот кінәнің дәлелденгені немесе дәлелденбегені, жиналған дәлелдемелердің жол берілетіндігі немесе жол берілмейтіндігі туралы түйін жасамай, іс бойынша шешім қабылдау үшін материалдық-құқықтық және процестік негіздердің бар екенін не жоқ екенін тексеруге тиіс.

Сот тексеруінің шектері осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасау (әрекетсіздік) және шешімдерді қабылдау кезінде заң нормаларының сақталуын анықтаумен шектеледі.

Шағымды тергеу судьясы үш тәулік ішінде сот отырысын өткізбей жеке-дара қарайды. Егер заңды және негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы шағымды он тәулік ішінде жабық сот отырысында тиісті тұлғалар мен прокурордың қатысуымен қарайды, олардың келмеуі шағымды қарауға кедергі келтірмейді.

Әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым жасалып отырған лауазымды адамдар соттың сұрау салуы бойынша үш тәулік ішінде мұндай әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауға және шешімдерге негіз болған материалдарды сотқа ұсынуға міндетті.

Тергеу судьясы шағымды қарау нәтижелері бойынша:

1) заңсыз деп танылған процестік шешімнің күшін жою туралы;

2) тиісті лауазымды адамның әрекеттерін (әрекетсіздігін) заңсыз немесе негізсіз деп және оның жол берілген бұзушылықты жою міндетін тану туралы;

3) прокурорға азаматтың немесе ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерінің жол берілген бұзылуын жою міндетін жүктеу туралы;

4) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы тиісті қаулы шығарады.

        Еске сала кетейік, тергеу соттары келесі негізгі бағыттар бойынша жұмыс істейді. Біріншіден, бұл прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне әрекеттері мен әрекетсіздігіне қылмыстық процеске қатысушылардың шағымдарын қарау, екіншіден, күзетпен ұстау, үйқамақ, кепіл түріндегі бұлтартпау шараларына санкция беру; сондай-ақ органдардың тергеу әрекеттерін, мәжбүрлеу шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, тергеу судьясы – қылмыстық сотқа дейінгі іс жүргізуде адамдардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыратын бірінші сатыдағы соттың судьясы. Оның мақсаты – қылмыстық қудалау органдарының заңсыз әрекеттерінің алдын алу, заң талаптарын адал орындайтын азаматтардың құқықтарын қорғау. Тергеу судьясы аудандық прокуратура және полиция қызметкерлерімен үнемі жиналстар жүргізуде, аталған жиналыстарда сотқа дейінгі сотқа дейінгі іс жүргізуде адамдардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің түпкілікті сақталуы үнемі талқылануда.

Сондай-ақ, азаматтар тергеу соты арқылы Қылмыстық процестік кодексінің 106-бабына сәйкес шағым беру арқылы өз құқықтарын қорғай алады. Шағымды тергеу судьясы үш күн ішінде сот отырысын өткізбей жалғыз қарайды. Заңды және дәлелді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды тексеру қажет болған жағдайда, тергеу судьясы шағымды он күн мерзімде соттың жабық отырысында тиісті тұлғалардың қатысуымен қарайды.

Сонымен қатар, ҚР ҚПК-нің 67-бабына сай қорғаушының мiндеттi қатысуы қарастырылған, атап айтқанда қорғаушының қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуы, егер бұл туралы күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам өтiнiшхат берсе, күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам кәмелеттік жасқа толмаса, күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам дене немесе психикалық кемiстiгi салдарынан өзiнiң қорғалу құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса,  күдіктiлердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталғандардың, ақталғандардың мүдделерi арасында қайшылықтар болып, олардың бiреуiнiң қорғаушысы болса, iс сотта қаралған кезде оған мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурор қатысса, процестік келісім және оны жасасу туралы өтінішхат мәлімделсе, міндетті.

ҚР ҚПК-нің 68-бабына сай, қорғаушы ретінде адвокатты қорғалуға құқығы бар куә, күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ қорғалуға құқығы бар куәның, күдiктiнің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның тапсыруы бойынша немесе келiсуiмен басқа да тұлғалар шақырады.

Ұстап алу немесе күзетпен қамауға алу жағдайында, егер күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам таңдаған қорғаушы жиырма төрт сағаттың iшiнде келе алмайтын болса, қылмыстық процесті жүргізетін орган күдiктiге, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушыны шақыруды ұсынады, ал одан бас тартылған жағдайда, адвокаттардың кәсiби ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушыны тағайындау шараларын қолданады.

Адвокат сотқа дейінгі тергеп-тексеруге немесе сотқа осы Кодекстiң 67-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген, тағайындау бойынша қатысқан жағдайда да адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстар мемлекеттiң есебiне жатқызылуы мүмкiн.

ҚР ҚПК-нің 70-бабына сай, қорғаушы күдіктi, айыптауды теріске шығаратын немесе күдіктінің, айыпталушының жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларды анықтау мақсатында қорғаудың барлық заңды құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға және оларға қажетті білікті заң көмегін көрсетуге мiндеттi.

Қорғаушы күдіктімен, айыпталушымен саны мен ұзақтығы шектелмейтін оңаша және құпия кездесуге, қылмыстық іс материалдарына міндетті түрде қоса тігілуге жататын, заң көмегін көрсету үшін қажетті нәрселерді, құжаттарды, мәліметтерді, сондай-ақ өзге де деректерді жинауға және ұсынуға,  күдіктіден, айыпталушыдан жауап алуға, сондай-ақ олардың қатысуымен немесе олардың өтінішхаты не қорғаушының өз өтінішхаты бойынша жүргізілетін өзге де тергеу әрекеттеріне және процестік әрекеттерге, оның ішінде қарап-тексеруге, тінтуге, алуға қатысуға, күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыларды жариялау кезінде күдіктіге қатысуға, сондай-ақ осы қаулыларды прокурор келіскеннен кейін олардың көшірмелерін алуға, қарсылық білдірулерді мәлімдеуге, жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шаралары, жасырын тергеу әрекеттері туралы деректер қамтылған іс материалдарын қоспағанда, іске кіріскен кезден бастап өзінің қорғауындағы адамға қатысты істің мынадай материалдарымен, бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулымен және бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беру туралы сот алдындағы өтінішхатпен танысуға құқылы.

Өзінің қорғауындағы адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының, сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын іс жүргізуге қабылдау, сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу туралы қаулыларының көшірмелерін ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіруге не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан алуға құқылы.

Кез келген сатыдағы сотта істі алдын ала тыңдауға, сот талқылауына қатысуға, сот жарыссөздерінде сөйлеуге, істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау кезінде, соттың бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарауы кезінде, күзетпен ұстау, үйқамақ мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттарды қарау кезінде, тергеу судьясы қорғаушы тараптың шағымдары мен өтінішхаттарын қараған кезде, айғақтар сақтауға қою кезінде сот отырысына, қылмыстық процесті жүргізетін адамның және қылмыстық процеске қатысатын өзге де адамдардың заңсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қарсылық білдіруге, бұл қарсылықтарды процестік құжаттарға енгізуді талап етуге, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым келтіруге және оларды қарауға қатысуға, қорғауындағы адамның қатысуымен процестік әрекеттің өткізілетін уақыты мен орны туралы, сондай-ақ қорғаушы тараптың шағымдарын, бұлтартпау шарасын қолдану, күзетпен ұстау мерзімін ұзарту, айғақтарды сақтауға қою туралы өтінішхаттарды қарауға байланысты барлық сот отырыстары туралы қылмыстық процесті жүргізетін орган арқылы күні бұрын хабардар етілуге құқылы.

Қорғаушы ретінде процестік әрекетті жүргізуге қатысатын адвокат сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қатысуымен қорғалатын адамның өтініші бойынша қысқаша консультациялар беруге құқылы.

 

 

Жуалы аудандық

сотының төрағасы

Бабырхан Абуев

Таңдаулы материалдар

Close