Basty bet

Шынықсаң шымыр боласың

жастар арасында қол күрестен аймақтық жарыс өтті

Күреңбел ауылында ағымдағы жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын жүзеге асыру аясында қол күрестен аудандық жарыс өтті. Аймақтық жарысқа барлығы 30 жас қатысып, өзара бақ сынады.
Қол күреске тәртіп бойынша тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатысады. Ал дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз спортшылар үшін бұл өте қиын спорт түрі. Сондықтан тәртіп бойынша сайысқа 14-35 жасқа толғандар ғана қатыстырылады. Сайысқа қатысушылар үш салмақтық категорияға бөлінеді. Қол күрес салмақтың категорияны енгізудің мақсаты – қатысушыларға неғұрлым теңдік жағдай туғызу. Сайысқа қатысушылар бекітілген халықаралық ережеге сай, арнайы үстелдің екі жағында тұрып күш сынасады. Төрешінің бұйрығымен шынтақтары арнайы жұмсақ шынтақшаларға қойылады. Алайда қол күресі кезінде шынтақты көтеруге, қозғауға, жұмсақ шынтақшадан шығаруға болмайды. Қызықты да, тартысты жарыста бағы мен бабына сай келген жастар төмендегідей көрсеткіштерге қол жеткізді. І орын Кенжеқұл Ерасылға, ІІ орын Райымбек Әлішерге және ІІІ орын Қуатбек Санжарға берілді. Жарысқа қатысушылар аудандық Жастар ресурстық орталығының сыйлықтарымен және Алғысхатымен марапатталды.
Үміт Искакова,
Күреңбел ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы

Таңдаулы материалдар

Close