Basty bet

«Саналы ата-ана – саналы ұрпақ»

Көлбастау ауылдық кітапханасында Отбасы күніне орай, «Саналы ата-ана – саналы ұрпақ» тақырыбында өнеге сағаты өтті. Кешке Ақсай ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Кәрібай Құрмашевтың отбасы, Мұратай Мекенбайдың отбасы қатысты.
Кеш барысында Кәрібай Құрмашев жас отбасыларға ақыл-кеңесін айтып, үлгілі отбасы болудың құпиясымен бөлістіі. Кітапхананың тұрақты оқырманы Нұрғали Іңкәр «Жан әкем» әнін, «Шапағат» балабақшасының «Балдәурен» ортаңғы тобының бүлдіршіндері «Отанымның ертеңі» әнін шырқап, Алмахан Аңсар, Исағали Нұрзат, отбасы туралы өлеңдер оқып, отбасы мен Отанға деген сезімдерін білдірді.
Кітапханашы Индира Алдиярова іс-шараны «Қызықты сұрақтар» айдарымен жалғастырып, отбасыларға сый-сияпат жасады. Кешті Ақсай ауылдық округінің әкімі Мақсат Мәтен қорытындылап, іс-шараға қатысқан отбасыларға алғыс білдірді.

Индира Алдиярова,
Көлбастау ауылдық кітапханасының әдіскері

Таңдаулы материалдар

Close