Basty bet

Ертегілер – халық даналығының айнасы

Қызыларық ауылдық клуб мамандарының ұйымдастыруымен «Асыл әжем, ақ әжем» атты кішкентай бүлдіршіндермен іс-шара өтті.
Шараның мақсаты – ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін жаттықтырып, сөздік қорын молайтуға жол ашу. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шыңдыққа, имандылық пен ізгілікке тәрбиелеу. Ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, кішкентай бүлдіршіндердің бойына әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіру.
Шараға ауылымыздың ақ жаулықты әжелері Мейрамкүл Сувалиева мен Ұлдан Мұстафаева, балабақша қызметкерлері мен балабақшаның жоғары және кіші топ бүлдіршіндері қатысты.
Ақ жаулықты әжелер кішкентай бүлдіршіндерге «Мақта қыз бен мысық» ертегісін айтып берді. Олар осы ертегі арқылы балаларға шаттық, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ертегіні тыңдау арқылы жас ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке, қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға баулыдық. Жас буын үшін бұл құдды аңыз іспеттес. Бірақ бұл ақиқат. Сол себепті де біз қоғам болып әжесіз өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің болашағына алаңдауымыз қажет. Өйткені бүгінгі тәй-тәй басқан балақандар ертеңгі болашақтың иелері. Бүлдіршіндерімізге ашық аспан, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ, әрқашан сыңғырлаған күлкі тілейміз!
Іс-шара соңында ертегі тыңдаған бүлдіршіндер өз ойларымен бөлісіп, қойған сұрақтарға жарыса жауап берді.

Эльмира Райымбекова,
Қызыларық ауылдық клубының маманы

Таңдаулы материалдар

Close