Basty bet

Мемлекет басшысы Тараздағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатқа барды

Мемлекет басшысы Тараздағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатқа барды

 

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында мамандандырылған әскери мектеп-интернатының қызметімен танысты.

 

🟦Мемлекет басшысы оқу кабинеттері мен спорт залын аралап көрді.

 

🟦Президентке мекемеде 180 бала білім алып, интернатта тұратыны жөнінде баяндалды.

 

🟦Мектеп жас өскіндерге білім беріп, тегін тамақтандырады әрі тұрғынжаймен қамтамасыз етеді. Оқу бағдарламасы 7-11 сыныптарға арналған.

 

🟦Білім ошағының негізгі мақсаты – келешектегі Отан қорғаушыларды даярлау, оларға әскери-патриоттық тәрбие беру. Әскери интернатта курсанттар сабақтан тыс уақытта роботты техника, дронды басқару, жасанды интеллект үйірмелеріне қатысады.

 

🟦Болашақ әскери қызметшілерге ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады.

 

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылармен әңгімелесіп, мемлекет тарапынан әскери білім беру жүйесін дамытуға ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті.

 

🟦Іс-шара соңында Мемлекет басшысы білім ошағына Бауыржан Момышұлының портретін және елімізде құрастырылған мектеп автобусын сыйға тартты.

 

t.me/aqorda_resmi

Таңдаулы материалдар

Close