Basty bet
Ән мен жырдың алыбы – Кенен ақын
Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ағымдағы жылы ақын-жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «Кітап қазына» жобасын ұйымдастыруда.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Кәріқорған, Шыңбұлақ, ауылдық кітапханаларының ұйымдастыруымен халық ақыны, әнші, композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына 140 жыл толуына орай «Ән мен жырдың алыбы – Кенен» атты жыр кеші өтті.
Іс-шара барысында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектептің оқушылары Д.Алиханова «Бозторғай», Е.Болат «Жайсаң», С.Баубек «Алатау», Н.Болатхан «Базар-Назар», Е.Жамбылхан «Алтын күз» өлеңдерін мәнерлеп оқыса, өнерге бейім Р.Нұртас «Көкшолақ» әнін, А.Төрехан, Е.Жамбылхан, А.Қуанышбай, Ә.Бердіқұл «Туған жер» және «Домбыра» күйлерін нақышына келтіріп орындады.
Кәріқорған ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Жаңабаева «Ән мен жырдың алыбы – Кенен» атты әдістемелік құрал, «Алатаудай асқақ ақын» тақырыбындағы библиографиялық көрсеткіш, «Әдебиеттің алтын кені – Кенен Әзірбаев» деп аталатын ауызша журнал, «Кенен Әзірбаев» тақырыбында ақпараттық-жарнамалық флайерді таныстырып, «Ұлы дала жаршысы» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Кітапханашылар «Алатаудың ақиығы – Кенен» атты кітап инсталляциясын дайындап, көрерменге жан-жақты таныстырды.
Аида ШӘКІР,
аудандық орталық
кітапхананың қызметкері