Basty bet

Әріптесіміз Алғысхатпен марапатталды

Жуалы ауданында әрбір жылды қорытындылаған кезде жыл бойы қасиетті өңірдің өсіп-өркендеуі мен дамуы жолында жемісті жұмыс атқарып, еселі еңбек еткен әр саланың жас еңбек озаттарын марапаттау игі дәстүрге айналған.

Биыл да жылдағы дәстүрге сәйкес, аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен және аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметованың қатысуымен жыл қорытындысына арналған жиын өтіп, онда 20-ға жуық азамат аудан әкімінің Алғысхатына ие болды. Марапаттарды Анар Садыққызы тапсырды.

Жыл бойы атқарған жемісті еңбегі еленіп, өңір басшысының Алғысхатына ие болған азаматтардың қатарында әріптесіміз, аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің фото тілшісі Сәбит Күзембаев та бар. Өңір дамуына үлес қосып жүрген еңбекқор әріптесіміз Сәбит Мәуленбекұлына шығармашылық табыс, отбасына амандық тілейміз!!!

Таңдаулы материалдар

Close