Basty bet

Жаңа салық кодексі күшіне енді

Елімізде сот жүйесінде бірқатар реформа жасалуда. Бірақ басты өзгеріс алдымызда. “Сот реформасы – бұл құқықтық мемлекеттің маңызды критерийі, инвестициялық тартымдылықтың негізі, жекеменшік құқығын қорғауды қамтамасыз ету.
Сот жүйесін реформалаудың жаңа тәсілдері судьялардың тәуелсіздігін одан әрі нығайтуды, қоғамның соттарға деген сенімін арттыруды, сот төрелігін іске асыруға жаңа кәсіби кадрларды тартуды ынталандыруды, сот процесінің ыңғайлылығы мен тиімділігін көтеруді қамтамасыз етуі тиіс».
Ендігі өзгеріс, ол – «Жасанды интелект» дәуірінің сот жүйесіне енгізілуін қамтамасыз ету болып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың 8 қыркүйегіндегі «Жасанды интелект дәуіріндегі Қазақстан:» өзекті мәселелер және оларды түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» деп аталғаны белгілі.
Əлем технологиялық революция дəуіріне қадам басып, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар жəне жаһандық бəсекелестік жаңа шындықты қалыптастыруда.
Сонымен қатар, мемлекеттер арасындағы қайшылықтар күшейіп, тез əрі нақты шешімдерді қажет ететін қауіп-қатерлер пайда болуда. Еліміз тұрақты дамуды, қауіпсіздікті жəне егемендікті қамтамасыз ететін көпвекторлы байланыстарды белсенді түрде құруға ұмтылып жатыр.
Жолдаудың басты идеясы қарапайым, десе де, стратегиялық тұрғыдан маңызды. Еуразияның дəл ортасында орналасқан Қазақстан əлемнің болашағына əсер ететін негізгі процестерге қатысуға міндетті. Бұл мақсатта ел идеологиялық шекарасыз, бірақ, ұлттық мүдделерге нақты назар аудара отырып, прагматикалық ынтымақтастыққа басымдық беруде.
Мұндай тəсіл экономика мен энергетикадан бастап, терроризмге қарсы күрес пен экологияны қорғауға дейінгі түрлі салада түсіністік табуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дəуіріндегі Қазақстан: өзекті мəселелер жəне оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы ел дамуының жаңа белестерін белгілейтін, барлық үрдістерді көрсететін жаңа мазмұнға толы маңызды құжат болып табылады.
Осыған сәйкес, сот жүйесіне жасанды интеллект енгізілу үстінде. Жаңа бағдарламаны судьялар даулы сот процестерінде қолдана алады. Яғни, олар өзі қарастырып жатқан материалға ұқсасын тауып, заң үстемдігі жағынан үздік деп танылған елдердің тәжірибесіне жүгіне алады.
Мәселен, жасанды интеллект әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша процестерге енгізілді. Роботтандырудың ауқымы сот істерінің ең көп массивін – әкімшілік істерді қамту үшін кеңейтілді. Соттың мәліметінше, бұрын үш күн уақыт кететін жұмысты, енді бар болғаны — 10 минутта істеуге болады.
Сот актісі бірден күшіне енеді, ал бұрын оған 10 күн уақыт кететін. Жасанды интеллект технологиясы мемлекеттік басқару жүйесіне белсенді енгізіліп қана қоймай, жасанды интеллектіні сот және құқық қорғау салаларына енгізу процестерді оңтайландырып, шешімдердің объективтілігін арттырады және халықтың сот жүйесіне деген сенімін күшейтеді деп күтілуде.
Құқық қорғау және сот саласындағы жасанды интеллектінің әлеуеті әділеттілікті тиімді, ашық және қолжетімді ету бағытында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Дұрыс тәсіл қолданылған жағдайда жасанды интеллект тергеуші мен судьяның сенімді көмекшісіне айналып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді деп болжанып отыр. Сондықтан жасанды интеллекті жақсы нәтиже берсе алдағы уақытта басқа да салаларға көбірек енгізілу ойластырылуда.
Жалпы жаңа технология сот саласына жаңа серпін берді. Осы жаңашылдықтардың нәтижесінде соттың ашықтығы, жеделдігі мен қолжетімділігі артты.
Заман сұранысына сай сандық технологияларды салаға енгізу о баста істерді судьяларға автоматты түрде бөлуден басталған болатын. Бұл жоба өзінің тиімділігін көрсеткен соң, барлық деңгейдегі қазақстандық соттарда істерді бөлудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді.Ол судьялардың жұмыс жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік берді. Ең бастысы, бұл жүйедегі адам факторын жойып, сот саласына халықтың сенімділігін арттыра түсті.
Сондықтан саладағы сандық жүйенің артықшылығы сезілген соң алдағы уақытта жасанды интеллектінің көбірек енгізу қарастырылуда. Бұл өз кезегінде саланың жаңа бір деңгейге өсуіне ықпал ететіні сөзсіз.
Бабырхан Абуев,
Жуалы аудандық
сотының төрағасы

Таңдаулы материалдар

Close