Basty bet
АБАЙ -180 ЖЫЛ
10 тамыз – ұлт руханиятының темірқазығы, ойшыл, ақын Абай Құнанбаевтың туған күні. 2020 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар Одағының ұсынысымен 10 тамыз «Абай күні» ретінде атап өтіледі.
Ұлы Абайдың қара сөзіндегідей: «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік дегендей»…. Әрине, осы жасқа келіп – қажыдым, жалықтым, жасаған ісіміз баянсыз болды деп айтудан аулақпын… «Қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын» дейді хакім Абай. Ел бағу, мал бағу,ғылым бағу, софылық қылып, дін бағу, бала бағу-осыларды ермек қыла алмадым. Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын» деген Абайдың «Қара сөзіне» сәйкес, 10 тамыз «Абай күніне» арнап, аудан жастарына хакім Абайдың әлемі – өнері мен өнегесін, яғни, елдік мұрат, адамгершілік жолы, ақыл-парасат өнегесі, өмір тағылымдары – жаңа бағыт, іргелі ізденіс, айқын мұрат, терең дүниетаным, шынайы шындық, өзгеше амал-тәсіл, тың ой, сарабдал сөз жүйелерімен сенімді өріс алатындықтан, қай кезең, қай уақытта да (әсіресе бүгінгі таңда) тарихи негізін, көркемдік мәнін, мәдени-рухани нәрін жоғалтпайдындықтан һәм сабақтастық сыр-сипаттарын қоса қалың көпшілік жастар жадына берік ұяласын деген ниетпен мен де осы мақаланы аудандық газет бетіне жариялауды жөн санадым.
«Абай сөзі – қазақтың бойтұмары, Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы» деген өнегелі сөз бар. мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл ойдың жемісін сыйлады» деп дара перзенттің даналық орнын айқындап берді емес пе?
«Капитал» – неміс философы және экономисі К.Маркстің негізгі еңбегі. Капитализмнің саяси экономиядағы сынды талдауы (анализі). Немістің бұл еңбегі диалекті-материалистік тұрғыда жазылып, (оның ішінде тарихи процестерге де қатысты) қоғамның экономикалық қатынастары өндірістік құралмен (средства производства) қалыптасып, құнның өзіндік өсуі сипатталады. Қоғамның негізі ретінде қалыптасқан материалдық өндірісті меңзесе, гуманист Абай қазақтарға жаңа ойлау жүйесі мен таным сыйлады! Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің көпіріне айналды. Абай поэмалар, 50-ден аса тәржіма (Ереже, Қағидат, Қара сөздерін де қосуға болады) жазған.
Әлем біледі! ЮНЕСКО аясында 1995 жылы «Абай жылы» болып аталғаны естен шыға қойған жоқ. Әлемнің бірнеше елінде Абайдың ескерткіштері мен бюсті орнатылып, көшелерге есімі берілген (Түркия, Әзербайжан, Венгрия, Египет, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Ирак, Англия, Болгария, Украина, Қырғызстан, Германия, Франция, Австрия, Беларусия, Грузия, Моңғолия, Латвия, Үндістан т.б.). 1960 жылы сол тұстағы астанамыз Алматы қаласының қақ ортасында ең негізгі ескерткіш ашылса, кіші отаны – Семейде, Абай алаңында 1972 жылы арнайы ескеткіші бой көтерді. 1995 жылы Абайдың 150 жылдығында Жидебай жерінде «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені ашылған. Абай мұнарасының биіктігі – 32,5 метр, Шәкәрімдікі – 31,5 метр. Кесененің іргетасы ұзындығы – 200 метр, ал көлденеңінен 65 метрді құраса, биіктігі – 5 метр. Қабір арасы – 140 метр!
Хакім Абай
Хакім Абай – әртүрлі ғылымды меңгеріп, сол ілімнен адамға ізгі қызмет қылуды мақсат еткен ғұлама. Абайтанушы, белгілі теолог Досым Омаровтың айтуынша, адамдарға магнетизм, спиритизм, телепатия, қазақша айтқанда, көріпкелдік, диуаналық, бақсылық делінетін мистикалық қасиеттер екі жолмен беріледі екен: материалдық және рухани жол.
Материалдық жолмен адам нәзік денелерін түрлі жаттығулар арқылы өзгерте отырып, ерекше нәзік қасиеттерге ие бола алады. Ол қасиеттер кейде адамға туғаннан да немесе ата-тегін қуалап та беріледі екен. Қазіргі заманда оларды «Экстрасенс» деп те атап жүрміз.
Хакімдердің ерекшелігі – олар рухани жолда болғандықтан, Құдай тағала шапағатына бөлене бастайды. Осылайша, олар Құдай сүйіспеншілігін өсіреді. «Құдай тағала ешбір нәрсені есепсіз жаратпаған, Құдайдың осы шеберлігін танып, құмар болып, ғибрат алушыларға тию жоқ бәлки, шеберліктің себебін білмекке құмарлықтан Жаратушының өзіне ғашықтық шығады» дейді данышпан. Бұл арада хакімдік ізденістің «үш сүюге», яғни, Құдайға ғашықтыққа әкелетіні айтылып отыр. Бірақ, жетілудің белгілі бір дәрежесіне жетпей ғашықтықты ойлауға болмайды. Бұл – жалған құлшылыққа әкеледі. Осындайларды көріп, кейде ел арасында соттыларға деген теріс пікір қалыптасады. Мұндай қылықтан сақтану үшін Абай былай дейді: «Құдай тағаланың затына пендесінің ақылы жетпесе, дәл сондай ғашықпын демек те орынсыз», яғни, Құдай тағаланың затын түсінуге адамның ынта-жігері, ақыл-есі жетпесе жұртты алдауға болмайды. Құдайға сүйіспеншілік анықтамасын ол былай деп береді: «Алла тағаланың пендесін махаббат уа мархабатпен жаратқандығын біліп, махаббатына махабатпен ғана елжіремекті Құдайға ғашық болуы дейміз» Осындай деңгейге жеткенде ғана «Құдайға ғашық» болды дейміз. Абайдың бұл тұжырымына «Хакімдер» Алланың хикметін зерттеу арқылы жетеді. Олар өздері ғана түсінумен шектелмей, басқа адамдарға түсіндіруге ұмтылады. Сондықтан «Хакімдер» де рухани ұстаздар қатарына жатады.
Кәміл мұсылмандар фәни өмірден бақи өмірге өтіп, рухани әлемге жаңа ғана келіп, әлі санасы жетілмеген жас нәресте тәрізді болса, ал хакімдер бұл жолда көп жетістіктерге жетіп, көп нәрсені біліп, белгілі дәрежеге көтерілгендер. Ал, әулиелерді алатын болсақ, олар – Хақ-танымына жетіп, Құдай санасына ие болғандар! Сондықтан олар, бұл өмірдің екіұдайылығынан толық шығып, бүкіл болмысты біртұтас қабылдайды. Олал жақсы-жаман деп бөлмей, өмір көріністеріне бірдей қарайды.
Хакімдер олай емес. Олар Хақиқатқа әлі жете қойған жоқ. Сондықтан, әлемнің үйлесімділігін, кемсіздігін толық қабылдай алмайды. Олардың махаббаты Алла тағаланың Өзімен әлі бірікпеген, тек қана Оның жаратқандарына, қуаттарына бағытталады. Хакімдер халықты, адамзатты сүйіп, солардың қамы үшін өмірдің екіұдайылық қасиеттерінің ықпалымен жамандықпен күресіп, жанталасады. Хакімдердің ісі – Хақиқат деңгейінде емес, Оның жаратқандарының, яғни дүниенің деңгейінде болғандықтан, гуманизм жолымен, халыққа қызмет етуге ұмтылады. Сондықтан олардың ісі, Абай айтқандай, дүние ісі. Бірақ тағы да ескертетін нәрсе, олар барлық іс-әрекетті Алла разылығы үшін жасайды. Хакімдер әуелі өздерінің бойындағы кемшіліктерді көреді. Өмірдегі және адам бойындағы жақсы мен жаманды айыра біліп, өз бойындағы кеселдерді көре біліп, олардан құтылуға ұмтылады. Абай «Ойға түстім, толғандым» өлеңінде өзінің кемшіліктерін былай деп мойындапты:
«Бойдағы мінді санасам,
Тау тасындай аз емес.
Жүрегімді байқасам,
Инедейін таза емес.
Аршып алып тастауға,
Аспандағы саз емес.
Бәрі болды өзімнен….
Тәңірім салған наз емес»
Қарапайым адамға өзінің кемшілігін көру қиын. Өған өзінің түйедей үлкен кемшілігін көруден, басқаның түймедей кішкене кемшілігін көру оңайырақ. Сондықтан оны Абай тәрізді данышпанда осынша кемшіліктің болуы таң қалдыруы мүмкін. Бірақ, Абай сыны – рухани деңгейдегі сын!
Хакімдер абсалюттік ақиқатты ғалымдар тәрізді төменнен жоғары қарай емес, керісінше жоғарыдан төмен қарай бағытта, яғни, дедуктивті әдіспен таниды. Бұл әдіс өте тиімді әдіс болғандықтан, олардың білімі толық. Олар туралы Абай былай дейді: «Әрбір Хакім – ғалым!»
Хакім Абай жастар көзімен
Абайдың шығармашылық мұрасында, өлеңдері мен қара сөздерінде жастар мәселесіне де назар аударғаны мәлім. Жастардың білімге ұмтылуы, еңбек етуі, рухани тұрғыдан кемелденуіне байланысты ой-тұжырымдары аз емес. Бұл тақырыптың мақсаты – жастар Абай атамыздың аманатын қаншалықты ұстанып келеді, қандай тағылымнан үлгі-өнеге алады, жалпы, Абай шығармашылығы олардың рухани кемелденуіне қандай үлес қосты деген мәселе….
2020 жылы арнайы шығарылған журналдың «Келелі кеңес» айдарындағы басқосуда жазушылар, әдебиет зерттеушілер, алаштанушылар, ақын-журналистер сөз өрбітті. Сонда жастарға қойылған сауалдар негізінен жастар өміріне, ой-тұжырымдарына Абай атамыздың шығармашылығы қалай әсер еткені, Абайдан нені үйренгендері, қандай сөздерін ұғып алып жүргендері туралы болды.
Сонда кейбір жастардың «Абай – кез келген алаш баласының жақсы өмірінің жан азығы екенін, рухани нәр алатын таусылмас бұлақ екенін, сонымен қатар, күнделікті тіршілік қалыбында да жиі қолданатынын жеткізгендігі қатты қуантты. Қандай тамаша!
Шындық – үлкен ұғым. Абай таныған шындық жазаның өтеуі. Алдына келген айыпты сұрайтыны – шындық, жазасы – ақиқатын айтқан адамды сол шындығы ушін айыптамау, жазадан босату. «Ызалы жүрек, долы қол, улы сия, ащы тіл. Не жазып кетсе жайы сол, жек көрсеңдер өзің біл» деген Абай өлеңін өмірлерінде де, өнерлерінде де ұстанып келе жатқан жастардың қатары да бары қуантады! Кейбір жастар Абай шығармашылығы тіл қорларының молаюына, әдеби тілде сөйлеулеріне көп әсер еткенін мақтанышпен айтса, хакім Абайдың өмір жолынан үйренгендері көп екенін, қанша жерден дәулетті, ауқатты болса да дүние-мүлікке қызықпағаны, қаламнан өзгені байлық деп санамағаны һәм қандай жағдай болса да тура сөйлеп, сөздің әділін айтқандары – Абай жолының қысқа емес екендігін көрсетсе керек!
Әрине, әр заманның буыны хакім Абайға өзінше жаңа көзқараспен қарары сөзсіз. Себебі, тұлғатану бақытына әрбір тұлғаға қойылатын методологиялық ұстанымдар мен әдістер, көзқарастар замана лебіне қарай өзгеріске ұшырып отыруы заңдылық.
Абайды қазақ жастары қаншалықты біледі? Қаншалықты түсінеді? Жалпы, Абайды жастарға түсіну қиын емес пе? Абайды жастар түсіну үшін не істеу керек? Абай жастар үшін қандай тұлға, қандай адам?! Сұрақ көп жастарға….
Десек те, қоғамның болашағы жастардың арасынан Абайдың болмысы, Абай тұғыры қоғамдық ортада әбден таныс екенін, орныққан бейне екенін мойындаған жастар жеткілікті. Бірақ та, кейінгі өскен буын, жаңа ғасырдың құрдастары Абай атамызды толық біледі, бойларына сіңірген деп айтуға болмас. Мектеп оқушыларының көбі Абай аталарын жақсы біледі дегенге қоғамда күмән бар. Анығында, Абай – кез келген жастағы оқырманның жүрегіне жол табатын тұлға емес пе?! Ақын Абай да, Хакім Абай да қалың қазаққа ортақ тұлға! Десе де Абайды бір рет оқудан ештеңе шықпайды. Мәселен, аға, орта буындар жылына кемі бір-екі рет Абайдың шығармаларын оқып шығуға бейімделген. Өйткені – Абайды қайталап оқыған сайын оның түпсіз терең көл көсір дария іліміне сүңги бересің. Бүгінгінің жас өскіндері Абайды толық тану үшін мемлекет ең алдымен Абай сөзін мемлекеттік идеологияға айналдыру керек сияқты. Абай атамыз сынаған «бес дұшпан» деген жаман қасиет әр қазақтың бойына мерез болып сіңіп кетсе керек, содан арыла алмай келеміз. Ақиқатында, Абай – мінез сыншысы. Абай сөзі арқылы мінезіңді түзеп, өзіңді-өзің танысаң, нағыз бақыт сол емес пе!!!
Абайды жаңа заманның талабына сай «икемдеу» керек пе деп ойлайсың. Абай сөзі де, ғұмырнамасы да иілгіш, икемделгіш. Абай атамыздың шығармашылығында бүгінгі қоғамның, жаһандануға бет алған дүние-дүрмегінің барлық сұранысы бар. Экономика да, мотивация да, кәсіп те, бизнес ашу да бәрі-бәрі осы – Абай сөзінде хатталып тұрған прогрессивті ойлар. Санасын тұрмыс билеген бүгінгінің адамына ең керек болар адам бір болса, ол – сөзсіз АБАЙ атамыз дер едім! Ал жастар үшін Абай – ең жақын сыншыл да талапшыл ДОС!
Әрине, мектеп оқушыларына сабақ бергенде Абайдың классикалық өлеңдеріне бірден бас қою ауыр соғуы мүмкін. Оқулықтарда ақын жырларының үздіктері, ең ғажап үлгілері әрі күрделілері жинақталған. Әрине, бұл маңызды, дейтұрғанмен, Абай өлеңдерінің эволюциялық даму жолдарын, алғашқы үлгілерін де оқытуға тиіс екенін абайтанушылар ұсынуда! Бүгінгі таңда Абай бар қазақтың жүрегінен мықтап орын алды. Анығырақ айтқанда, балабақшадан бастап тарихи танымы қалыптасқан әрбір жас Абайдың бір өлеңін болсын жатқа айта алады! Себебі, кешегі Алаш арыстарынан басталған «Абайды рухани темірқазық ретінде көрсету» ұстанымы Тәуелсіздік кезінен бастап, барынша насихатталуда. Ұлы ақынға арналған мәдени шаралар жергілікті деңгейде ақын тұлғасы мен шығармашылығын танытуға ықпал етуде. Алайда, Абайдың философиясына бойлау, Абайдың ғақлия сөздерін қорыту жастар үшін ауыр екені белгілі. Осыған байланысты Мекемтас Мырзахметов, Ғарифолла Есім, т.б. сынды Абай болмысы мен шығармашылығын тұңғиығынан пайымдап, зерттеп жүрген ғалымдар қатарының көбейгені дұрыс.
Сонымен қатар, Абайға қатысты көркем фильмдер түсіріліп жатса нұр үстіне нұр. Бүгінгі қоғам сұранысы соны талап етеді.
Абай атамыз: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деп жазғаны белгілі. Осы өлең-сөзді жастар қаншалықты ұстанып, келеді, Хакімнің осындай тұжырымдарынан қандай ой түйіп жүр екен деген сұрақтар туындайды. Бүгінгі таңда уақыттың көбі ғылымға емес, мәнсіз тірлікке жұмсалып бара жатқандай сезіледі, әсіресе жастар арасында. Ғылымды сезіну, түйсіну студенттік жылдарда қалыптасатыны ақиқат. Жоғарғы оқу орнында ғылымға бойламаған, ұстазының тағылымы мен тәрбиесін алмаған білімгерден ғалымның шығуы екіталай. Абайдың осы өлең жолдары әрбір жастың жадында жатталса шіркін…
Қасиетті Құранда «оқу-білім» сөзі 800 рет кездеседі. Абайдың да өлеңі я қара сөздері болсын оқуға үндейді емес пе?! Абай ұнатқан қазақ – оқыған қазақ-ты. Бүгінгі жастардың ішінен оқуға шын пейілмен берілген, бәсекеге қабілетті, ғылыммен бақытын тауып, бірқатар тілдерді меңгеріп, ұлттық рухы биік, интелектісі жоғары жастар жеткілікті.
Яғни, ол жас тұлға – Абай атамызбен тең дәрежеде қарым-қатынасқа түсетін аз қазақтың бірегейі деп санауға әбден болады.
Біздің буын бала жастан ата-әженің институтын көріп, ауылақсақалдарының құшағында өскен соң, әдебиет пен тарихқа ерекше ынтық болып өстік десем, артық айтқандық емес. Содан болар, өмірлік азықты осы әдебиет пен ғылым саласынан табуға машықтанған ағалар жеткілікті. Сол кездегі көп үйдің шынарлары Абай сөзін жатқа соғатын кәрі құлақ, ескінің сөзін жиып-жинастырған кісілер еді ғой… Солардан көрген тәлім, солардың оқығаны, кез келген жырды жатқа соғатын зердесі сабақ болды емес пе. Осындай тәрбие мен көнекөз кісілердің ортасынан шыққан адамның жаман болғанын көрмеппін.
Абай танымы
Абай деп жазсақ та, айтсақ та: «Бұл қай Абай болды екен?» деп сұрамайды ешкім. Өйткені, оның асыл образы ұлт жадында ойып тұрып орын алған. Бұл – халық махаббатының көрінісі. Көп деген жақсы. Бағалайтын да, сүйетін де, күйетін де, кейбір кезде сынайтын да – сол КӨП. Ұнатса астындағы атын беруге әзір тұрады, ұнатпаса абыройсыз етуі де мүмкін. Бүгінгі тілмен айтқанда, аудитория ғой. Әрбір сөз сонда бағытталады, оны бойға сіңіру үшін ынта қажет. Ынтасыздық пен ынжықтық туыс, өстіп-өстіп бірінен соң балалай береді, балалай береді. Прогресс емес – бұл Регресс.
Абай сынаған қазақ мінезі туралы ой – бүгіннің ғана емес, ертеңнің де қажетіне жарайтын сөз. Әрине кемшіліксіз адам болмас. Десе де, әр адамның өмір жолында селкем-шалыс басатын жері болады. Сондай қиын сәттерде Абайды оқып, қалың түнекке сіңіп кеткен ойлардың арасынан жоғалған өзіңді тауып, жөнделуіне мүмкіндік көп екенін өзімнің өмірімнен көріп, басымнан өткені бар. «Адасқанның айыбы жоқ» дегендей, – өмірлік мұратыңа жол ашатын темірқазық, тұнық сәуле.
«Көп салқын бірін бірі ойына алмас,
Кетер жым-жырт, артына із қалдырмас.
Ой қозғарлық артқыға түк қалдырмай,
Ұмыт болар, жоғалар, көпке бармас» деп Абай қайыра ескертуде…» Әр адам тарихтың бөлшегіне айналып, ұлы оқиғалардың басы-қасында жүргісі бар. Дәмеміз зор. Анау бір қыр басына қарасаң, «төмпешік» жетерлік. Алайда, артында қалдырған белгі аз. Сонда мына бес күндік жалғанға, мына дүрмекті дүнияға не үшін келді деп те ойлайсың. Ойланасың. Шоқан құрлы, Ыбырай құрлы, Абай құрлы, Әлихан құрлы жоқ па екен, сонда?!
Мұның атауы – мұратсыздық. Пәлсапаның пәленше жыл зерттеген орталық тақырыбы – пәруай. Өмірдің өзегі мақсаттан мақрұм жаннан не күтуге болады, бұл тіршілікте? Құрай берді, Құдай алды. Тән – жанбағудың құралы, Жан – Алланың сыйы! Келді кетті, болды, осымен тәмәм» дейді ұлы Абай.
Ұлыларға қарап ұрпақ өседі. Аксиома. Постулат. Соларға бой түзейді, солардан үйренеді, кейінгілер. Сондықтан, бұндай атты алып жүру де оңай шаруа емес. Сәл ауытқып кетсек, көлеңке көненің көзі – Абай атамыз келеді (келе жатқандай болады).
«Толық адам» тағылымы
Абай шығармаларында адам болудың талап тілектерін атап, өзінің гуманистік танымы тұрғысынан өскелең ұрпақтың адамшылық негіздері, бойға ұялар қасиеттері қандай болмақ деген ойға ерекше көңіл бөледі. Ақын шығармаларында өзекті желідей созылып, ғұмыр бойы танытуға ұмтылған, өмір бойы шарқ ұрып, іздегені – Толық адам. Абайдың толық адамы – рухани жетілген (полноценный), кемеліне келген адам. Президент халыққа дәстүрлі Жолдауында осы «толық адамның» қоғам дамуындағы рөлін ұсынған жоқ па?! Өйткені, өзінің еркін жүрекке билеткен, суық ақылдан емес, нұрлы ақылдан шығатын қажырлы-қайратты ушеуі бір басында тоғысқан жан баласының қылар қарекеті, жасар жақсылығы қоғамды сауықтырып қана қоймай, ізгілендіретінде еді…
Жалпы, діни-философиялық ойдың даму тарихында «Адам» ұғымының алатын орны орасан десек те, оны белгілі бір жүйеге түсіріп, тиянақты түсіндіруге көш басы болған философ – Сократ. Абайдың толық адам туралы танымы сол Сократтан басталып, Платон, Плотиндердегі сүюші сүйеніш, тірек еткен адам. Қытайлардың «дао» іліміндегі әбден жетілген адам (совершенно мудрый человек), шығыс ойшылдары мен суфизмдегі камали инсани мен бенделіктің кәмалаттығына ұмтылған адам және Ирандағы жәуанмәрттілікпен сабақтасып, туыстасып жатады. Абайдың адамгершілікті жырлағандағы мұраты ең басты жаңалығы да – осы. Толық адам – Абайдың армандаған, аңсаған мұрат-мақсаттарының асқар шыңы! Толық адам ғана нұрлы ақылдың иесі бола алмақ. Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек екенін тереңнен талғап, толық адамға тән қасиетті көрсетеді. Хакім Абай іздеген толық адам осы қасиеттерден туындайтын талапты, еңбекқор, ізгілікті, мейірімді, қанағатшыл, рахымды, тұла бойы толған ар-ұят, пенделіктен қол үзген имандылық жолындағы абзал азамат.
Біздің танымда Абай аңсаған толық адам – өркениетке ұмтылған, білім мен ғылымға құлақ ұрған, ел мүддесін биік қоятын, халқын соңынан ерте алатын, жаңашыл зиялылар шоғыры. Бұл – ақынның шығармашылығынан айқын байқалып жүрген жоқ па! Абай аңсаған, көргісі келген «ТОЛЫҚ АДАМ» «алаштық буын» екендігі байқалады. Есте болса, ХХ ғасырдың басында сапалық ескерткіштерге толы ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа кезеңін тудырған Алаш қайраткерлері хакім Абайдың асқақ тұлғасына бас иді. Абай армандаған тұлғалар шоғыры Алаш қайраткерлері болса, Алаш қозғалысының темірқазығы – Абай. Бұл – мызғымас, ғылым және әдеби кеңістікте берік орнаған ҚАҒИДА!
Абай дүниетанымындағы «ұлттық кодтың» концепциясы
Хакім Абай – қазақтың ұлттық дүниетанымының иірімдерін көрсететін тұғырлы тұлғасы, қазақ руханиятының ардақ тұтар данасы мен дарасы. Абай туған халқын жан дүниесінің ең тереңінен туындаған асыл сезімдерімен аялап, сүйе білді, жақсылығына қуанып, мұңына егіле білді. Қателігін түзету бағытында даналық ой алыбынан туындаған философиялық тереңдікке құрылған кемеңгер ойларымен түзетті. Қазаққа даңғыл жол көрсетіп, ақиқат пен әділдікті, тура жолмен ізгілік жолын үйретті.
Абай шығармаларындағы «ұлттық код» деген терминге нақтылы анықтама беріп алғанымыз жөн деп білемін. Ақиқатында «ұлттық код» дегеніміз не? Соңғы кезде жиі айтылып жүрген аталмыш ұғым нені білдіреді?
Президенттің ұлттық код деген ұғымға былайша кең түсінік бергені баршаға белгілі: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі Ережені түсініп, бойына барғанын қалаймын. Бірінші – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екінші – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деді. Ұлттық код дегеніміз не? Орыстар мақтанғанда жерін, елін, ғарышты бағындырғанын, соғыста жеңгенін айтады. Коммунизмнің қаһарынан өзімізді ғана емес, Европаны, Американы азаттық еттік дейді. Қытайлықтар ұлттық ұстанымдарын ұмытпай әрбір мәдени шараға ұлттық киіммен қатысады. Салт-жаралғыларын да қалт жібермейді. Жері тар, сыймай отырса да тарихи-мәдени жәдігерлерін көзінің қарашығындай сақтап отыр. Ұлттық кодтың негізі – отансүйгіштік! Қазақ ұлтының коды – қазақылығы! Біздің мақсат ата-баба мұрасын қастерлеп, мирасына сызат түсірмеу». Міне, Президенттің бұл ұғымға терең түсінік беріп, тамыры тереңге жайылған рухани кодтың, ұлттық жаңғыру ұлттық сана-сезімінің көкжиегін кеңейтіп, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА қадам басудың маңыздылығына айрықша тоқталды.
«Қазақ» деген сөзді «Ұлтым» деген мағынада түсінген Абай, туған халқының өмір шындығының араламаған түкпірін қоймайды және көрген-білгендерінің барлық бейнесін шығармаларына түсіріп отырған! Ол өмір шындығының Тіркеушісі емес, көрген-білгендерінің Сыншысы және кем-кетікті сынау арқылы түзетуге Тырысушы! Абай да бар-жоғы 176 өлең, 3 ірі поэма, 45 қара сөз бар деген мәліметті абайтанушылар айтады. Әңгіме санда емес, Оқыған сайын оның таусылмайтынында. Міне, руханият!!
Абайдың дүниеге көзқарасындағы ұстаған негізгі принципі – «Адам бол». Ойшыл ақынның аңғаруынша көптеген адамдарда» адам» деген ат бар, бірақ, «Адам» деген қасиет жоқ. Сондықтан да Абай – адам бол, өтіріктен, мақтаншақтықтан т.б. сияқты қасиеттердің бәрін бір деңгейге қоймаған. Жалғыз қазақ емес, жалпы адамға тән қасиеттер ретінде, хакім үшеуін айтады. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі надандық, екінші еріншектік, үшінші залымдық деп білерсің» дегені, міне Адам қасиеттілігі!
Қорытындылай келе, «ұлттық санамыздың тірегі» болған Абайдың философиялық лирикасы, ойлары – біздің ұлттық кодымыз» деп тұжырымдаған ғалым Мекемтас Мырзахметовтың қазіргі абайтанудағы зерделі ой толғамдары мен пікірлерінің маңызы қашанда маңызды деп білемін!
Ақиқатында, хакім Абайдың әрбір өлең жолындағы даналық ойлар ұлтты сүюге, ізгілікке үйіретін, адамдық сипатта бой түзетуге насихаттайтын һәм парасаттылық пен өркениетке үйретіп, ұлттық тұрғыдан рухани жаңаруға бағдаршам болатын темірқазық екені даусыз! Осы орайда Президенттің «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деуінде салиқалы, парасатты ой жатыр емес пе?!
Демек, Абай шығармашылығын, дүниетанымын жаңа қырынан тереңнен зерделеу нәтижесінде біз жаңа тұрпатты жаңғырудың басты құралы «Ұлттық кодымызды «Мәңгілік ел» ретінде сақтап қалатындығымызда» деп түйіндеуге болады.
Қорытынды
Биыл Қазақстан ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын атап өтеді. Бұл мерейтой тек ресми іс-шара ғана емес, ұлттық мәдениетке, рухани тамырға және қазақ зияткерлік дәстүріне терең бойлайтын маңызды күнге айналмақ.
Әрине, мерейтой аясында Астана мен Алматыда халықаралық ғылыми конференциялар өтеді. Шараларға Орта Азия, Түркия, Ресей және Еуропадан ғалымдар қатысып, Абай идеяларын бүгінгі күнмен үндестігін талқылайды. Еліміздің ірі театрларында Абайға арналған қойылымдар, опералар мен балеттер сахналанады. Елдің барлық аймағы мен өңірлерінде жәрмеңкелер, көрмелер, концерттер мен флешмобтар өтеді. Астананың орталығында Абай бейнесіне арналған заманауи инсталляция орнатылады. Ұлы ақын дүниеге келген Абай облысы – осы жылдың рухани орталығына айналмақ.
Негізгі мерекелік іс-шаралар өтетін орын – Қарауылтөбе алаңы. Дала сахнасы, ат жарысы алаңы, киіз үйлер қалашығы, сауда аймағы мен инфрақұрылым жүйелері толық қамтылып жатқаны, мұнда 400 орындық сахна мен 200-ге жуық киіз үй тағы басқа орнатылатындығы – Ұлы Абайға құрмет.
Сонымен қатар, Абайдың 180 жылдығына арналған «онкүндік» (1-10 тамыз) мерейтойлық шаралардың аясында Семей қаласының Бейбітшілік аралында «этноауыл» ашылғаны да өте құптарлық, қуантарлық іс.
Жалпы, Абай шығармаларының үзіндісі әрбір үйдің төрінде ілулі тұрса және әр ауылдың ішіндегі көшелерде, аудан, облыс мәніндегі көше-жолдарының бойында орнатылып, нәтижесінде, шешімтал тұста Хәкім Абай өлеңдерінің мәніне үңіліп, оқылып, жатталып жатса күрмеулі мәселелер де өз шешуін табуына оң ықпал ететіні сөзсіз…
Бүгіндері тең құрбыларымыз, қанаттас қатарластар, жастар буыны жеңіл ақша тапқанына желпініп жүргенін байқайсың. Кәсіп бастап, тез байығысы келетінге ұқсайды. Дұрыс, қарсылық болмайды. Қарсылық жоқ. Өсу керек, өркендеу керек. Десек те, бұл руханияттан, бай мәдени мұрадан нәр алған кәсіп болуы керек деп меңзейды ақын. Сонда ғана ол қайырлы болмақ, сонда ғана қайырымды жан көбеймек, мұны макроэкономикада «қайтарымды капитал» дейді емес пе?! Абай көтерген проблематика қай кезде де өзекті. Себебі, автор универсалды, адам баласына ортақ, рухани кеселдерді сынайды. Адам жаны – Құдай мен Ібілістің майдандасатын орны, айқасқа түсетін алаңы. «Алла жеңсе тазарасың, имандылыққа бет бұрасың, екіншісіне ерік берсең – құрдымға кетесің. Таңдау еркі – өзіңде! Қараны – ақ, қараңғыны жарық, жаманды – жақсы етіп көрсетіп, алдар қататын Әзекең – Әзәзіл емес пе? Кісіге берілген, әрі Ақылға бас иген ерік, еркіндік, тәуелсіздік деп осы тұста бас көтеруге тиіс» дейді Ғұлама!
Ұлы Абайдың салихалы да салмақты негізгі ой-тұжырымдарын жастар қауымына жеткізгеніме алғыс айтып, ризашылық білдірудің керегі шамалы. Тек, Абай атамыздың тағылымын жастар бойларына сіңіріп, еліміздің бетке ұстар азаматы болуына тілектеспін! Осы орайда ақын Айнұр Төлеудің бүгінгі маңызды тақырыпқа арнап шығарған «Абай – менің құрдасым» өлеңінің шумағын жас оқырманның назарына ұсынғанды жөн көрдім.
«Есімде жоқ»
Не үшін мұнда келіп ем?
Ғарыш жақтан асыққанда бері мен,
Сусап тұрған, су татыған ғаламнан.
Бәлкім бір сәт іздедім бе шөліме ем,
О, көкпеңбек ғаламым!
Тамшылардан таба алмадым жаныма ем!
Бір күнімнен бір күнімнің мәні кем.
Тар құрсақта тыныш жатпай тыпырлап,
Кең құшақта сары уызға қанып ем.
Асыққаным сонда менің осы ма?
Кеңістікте шөліркедім тағы мен.
Мыңмен жалғыз алыспадым әлі мен,
Сонда өзім…қайдамын?
Алысамын кеберсіген жаныммен!
Келе сала іздедім ғой, сені Абай!
«Қос ғасырлық жол бар деді» уақыт…
«Дүние есігін ашқаныма» сене алмай,
Жұрттың бәрі жыр оқыды жұбатып.
«Жо-о-жоқ! Уақыт алдамасын!
Алдамасын әр қазақтың баласын!
Өлеңінен тауып алған Өзімді,
Абай – менің құрдасым!
Тіл қатады өлшенбейтін құбылыс,
Бір ғасырға сыйғыза алмай бір басын!
Әбдікерім Уркумбаев,
Әлем Халықтары Жазушылар Одағының мүшесі.
Жуалы ауданының Құрметті азаматы
Сонымен қатар, Абайға қатысты көркем фильмдер ( жаңа танылымда ) түсіріліп жатса, нұр үстіне НҰР болары Хақ! Бүгінгі қоғам сұранысы соны талап етеді.
Абай атамыз: «Жасында ғылым бар деп ескермедім» деп жазғаны белгілі, өсы өлең-сөзді жастар қаншалықты ұстанып, келеді, Хакімнің осындай тұжырымдарынан қандай ой түйіп жүр екен деген сұрақтар туындайды… Бүгінгі таңда уақыттың көбі ғылымға емес, мәнсіз тірлікке жұмсалып бара жатқандай сезіледі, әсіресе жастар арасында. Ғылымды сезіну, түйсіну студенттік жылдарда қалыптасатыны ақиқат. Жоғарғы Оқу Орын қабырғаларында ғылымға бойламаған, ұстазының тағылымы мен тәрбиесін алмаған білімгерден ғалым шығуы екіталай. Абайдың осы өлең жолдары әрбір жастың жадында жатталса ғой! Жатталуға тиіс.
Қасиетті Құранда «оқу-білім» сөзі 800 рет кездеседі. Абайдың да өлеңі я қара сөздері болсын оқуға үндейді емес пе?! Абай ұнатқан қазақ – оқыған қазақ-ты. Бүгінгінің жастарының ішінен оқуға шын пейілмен берілген, бәсекеге қабілетті, ғылыммен бақытын тауып, бірқатар тілдерді меңгеріп , ұлттық рухы биік, интелектісі жоғары жастар жеткілікті!!!
Яғни, ол жас тұлға – Абай атамызбен тең дәрежеде қарым-қатынасқа түсетін аз қазақтың бірегейі деп санауға әбден болады.
Біз, бала жасымыздан ата-әженің институтын көріп,, ауыл ақсақалдарының құшағында өскен соң, әдебиет пен тарихқа ерекше ынтық болып өстік десем, қолдайтын шығарсыздар. Содан болар, өмірлік азықты осы әдебиет пен ғылым саласынан табуға машыққан ағаларымыз жеткілікті. Сол кездегі көп үйдің шынарлары Абай сөзін жатқа соғатын кәрі құлақ, ескінің сөзін жиып-жинастырған кісілер еді ғой…Солардан көрген тәлім, солардың оқығаны, кез келген жырды жатқа соғатын зердесі сабақ болды емес пе! Осындай тәрбиеден , көнекөз кісілердің ортасынан шыққан адамның жаман болғанын көрмеппін.!!!
Абай танымы
Абай деп жазсақ та, айтсақ та: «Бұл қай Абай болды екен?» – деп сұрамайды ешкім. Өйткені, оның асыл образы ұлт жадында ойып тұрып орын алған-ды. Бұл халық махаббатының тоң көрінісі. Көп деген жақсы. Бағалайтын да, сүйетін де, күйетін де, кейбір кезде сынайтын да – сол КӨП. Ұнатса астындағы атын беруге әзір тұрады, ұнатпаса абыройсыз етуі де мүмкін. Бүгінгі тілмен айтқанда, аудитория ғой. Әр сөз сонда бағытталады, оны бойға сіңіру үшін ынта қажет. Ынтасыздық пен ынжықтық туыс, өстіп-өстіп бірінен соң балалай береді, балалай береді. Прогресс емес – бұл Регресс.
Абай сынаған қазақ мінезі туралы ой – бүгіннің ғана емес, ертеңнің де қажетіне жарайтын сөз. Әрине кемшіліксіз адам болмас. Десе де, әр адамның өмір жолында селкем-шалыс басатын жері болады. Сондай қиын сәттерде Абайды оқып, қалың түнекке сіңіп кеткен ойлардың арасынан жоғалған өзіңді тауып, жөнделуіне мүмкіндік көп екенін өзімнің өмірімнен көріп, басымнан өткені бар. «Адасқанның айыбы жоқ» дегендей, – өмірлік мұратыңа жол ашатын темірқазық, тұнық сәуле!!!
«Көп салқын бірін бірі ойына алмас,
Кетер жым-жырт, артына із қалдырмас.
Ой қозғарлық артқыға түк қалдырмай,
Ұмыт болар, жоғалар, көпке бармас» – деп Абай қайыра ескертуде…» Әр адам тарихтың бөлшегіне айналып, ұлы оқиғалардың басы-қасында жүргісі бар. Дәмеміз – зор. Анау бір қыр басына қарасаң, « төмпешік» жетерлік… Алайда, артында қалдырған белгі аз. Сонда мына бес күндік жалғанға, мына дүрмекті дүнияға не үшін келді деп те ойлайсың. Ойланасың. Шоқан құрлы, Ыбырай құрлы, Абай құрлы, Әлихан құрлы жоқ па екен, сонда?!…
Мұның атауы – мұратсыздық. Пәлсапаның пәленше жыл зерттеген орталық тақырыбы – пәруай. Өмірдің өзегі – мақсаттан мақрұм жаннан не күтуге болады, бұл тіршілікте? Құрай берді, Құдай алды. Тән – жанбағудың құралы, Жан – Алланың сыйы! Келді кетті, болды, осымен тәмәм..».дейді ұлы Абай!!!
Ұлыларға қарап ұрпақ өседі. Аксиома. Постулат. Соларға бой түзейді, солардан үйренеді, кейінгілер. Сондықтан, бұндай атты алып жүру де – оңай шаруа емес. Сәл ауытқып кетсек, көлеңке көненің көзі – Абай атамыз келеді (келе жатқандай болады).
«Толық адам» тағылымы
Абай шығармаларында адам болудың талап тілектерін атап, өзінің гуманистік танымы тұрғысынан өскелең ұрпақтың адамшылық негіздері, бойға ұялар қасиеттері қандай болмақ деген ойға ерекше көңіл бөледі. Ақын шығармаларында өзекті желідей созылып, ғұмыр бойы танытуға ұмтылған, өмір бойы шарқ ұрып, іздегені – Толық адам (семіз емес). Абайдың толық адамы – рухани жетілген (полноценный), кемеліне келген адам. Президентіміздің Өзі халыққа дәстурлі Жолдауында осы «толық адамның» – қоғам дамуындағы ролін ұсынған жоқ па?Өйткені, өзінің еркін жүрекке билеткен, суық ақылдан емес, нұрлы ақылдан шығатын қажырлы-қайратты ушеуі бір басында тоғысқан жан баласының қылар қарекеті, жасар жақсылығы қоғамды сауықтырып қоймай, ізгілендіретінде еді…
Жалпы, діни-философиялық ойдың даму тарихында «Адам» ұғымының алатын орны орасан десек те, оны белгілі бір жүйеге түсіріп, тиянақты түсіндіруге көш басы болған философ – Сократ. Абайдың толық адам туралы танымы сол Сократтан басталып, Платон,Плотиндердегі сүюші сүйеніш, тірек еткен адам. Қытайлардың «дао» іліміндегі әбден жетілген адам (совершенно мудрый человек), шығыс ойшылдары мен суфизмдегі камали инсани мен бенделіктің кәмалаттығына ұмтылған адам және Ирандағы жәуанмәрттілікпен сабақтасып, туыстасып жатады. Абайдың адамгершілікті жырлағандағы мұраты ең басты жаңалығы да – осы. Толық адам – Абайдың армандаған, аңсаған мұрат-мақсаттарының асқар шыңы! Толық адам ғана нұрлы ақылдың иесі бола алмақ. Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл жылы жүрек екенін тереңнен талғап, толық адамға тән қасиетті көрсетеді. Хакім Абай іздеген толық адам осы қасиеттерден туындайтын талапты, еңбекқор, ізгілікті, мейірімді, қанағатшыл, рахымды, тұла бойы толған ар-ұят, пенделіктен қол үзген имандылық жолындағы абзал азамат.
Біздің танымымызда Абай аңсаған толық адам – өркениетке ұмтылған, білім мен ғылымға құлақ ұрған, ел мүддесін биік қоятын, халқын соңынан ерте алатын, жаңашыл зиялылар шоғыры. Бұл – ақынның шығармашылығынан айқын байқалып жүрген жоқ па! Абай аңсаған, көргісі келген «ТОЛЫҚ АДАМ» – «алаштық буын» екендігі байқалады.Естерімізде болса, ХХ ғасырдың басында сапалық ескерткіштерге толы ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа кезеңін тудырған Алаш қайраткерлері хәкім Абайдың асқақ тұлғасына бас иді. Абай армандаған тұлғалар шоғыры Алаш қайраткерлері болса, Алаш қозғалысының темірқазығы – Абай. Бұл – мызғымас, ғылым және әдеби кеңістікте берік орнаған ҚАҒИДА! Міне, «өзегіміз»(ядро) қайда жатыр!!!
Абай дүниетанымындағы «ұлттық кодтың» концепциясы
Хакім Абай – қазақтың ұлттық дүниетанымының иірімдерін көрсететін тұғырлы тұлғасы, қазақ руханиятының ардақ тұтар данасы мен дарасы. Абай туған халқын жан дүниесінің ең тереңінен туындаған асыл сезімдерімен аялап, сүйе білді, жақсылығына қуанып, мұңына егіле білді.
Қателігін түзету бағытында даналық ой алыбынан туындаған философиялық тереңдікке құрылған кемеңгер ойларымен түзетті.Қазаққа даңғыл жол көрсетіп, ақиқат пен әділдікті, тура жолмен ізгілік жолын үйретті….
Абай шығармаларындағы «ұлттық код» деген терминге нақтылы анықтама беріп алғанымыз жөн деп білемін. Ақиқатында «ұлттық код» дегеніміз не? Соңғы кезде жиі айтылып жүрген аталмыш ұғым нені білдіреді?
Ел Басшысы – Президентіміздің ұлттық код деген ұғымға былайша кең түсінік бергені баршаға белгілі: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі Ережені түсініп, бойына барғанын қалаймын. Бірінші – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екінші – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек», – деді. Ұлттық код дегеніміз не? Орыстар мақтанғанда жерін, елін, ғарышты бағындырғанын, соғыста жеңгенін айтады. Коммунизмнің қаһарынан өзімізді ғана емес, Европаны, Американы азаттық еттік дейді. Қытайлықтар ұлттық ұстанымдарын ұмытпай әрбір мәдени шараға ұлттық киіммен қатысады. Салт-жаралғыларын да қалт жібермейді. Жері тар, сыймай отырса да тарихи-мәдени жәдігерлерін көзінің қарашығындай сақтап отыр. Ұлттық кодтың негізі – отансүйгіштік! Қазақ ұлтының коды – қазақылығы! Біздің мақсат ата-баба мұрасын қастерлеп, мирасына сызат түсірмеу». Міне, ұлт көшбасшысының бұл ұғымға терең түсінік беріп, тамыры тереңге жайылған рухани кодтың, ұлттық жаңғыру ұлттық сана-сезімінің көкжиегін кеңейтіп, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА қадам басудың маңыздылығына айрықша тоқталды.
«Қазақ» деген сөзді «Ұлтым» деген мағынада түсінген Абай, туған халқының өмір шындығының араламаған түкпірін қоймайды және көрген-білгендерінің барлық бейнесін шығармаларына түсіріп отырған! Ол өмір шындығының Тіркеушісі емес, көрген-білгендерінің Сыншысы және кем-кетікті сынау арқылы түзетуге Тырысушы! Абай да бар-жоғы 176 өлең, 3 ірі поэма, 45 қара сөз бар деген мәләметті абайтанушылар айтады. Әңгіме санда емес, Оқыған сайын – таусылмайтынында! Міне, Руханият!!
Абайдың дүниеге көзқарасындағы ұстаған негізгі принципі – «Адам бол». Ойшыл ақынның аңғаруынша көптеген адамдарда» адам» деген ат бар, бірақ, «Адам» деген қасиет жоқ. Сондықтан да Абай – адам бол, өтіріктен, мақтаншақтықтан т.б. сияқты қасиеттердің бәрін бір деңгейге қоймаған. Жалғыз қазақ емес, жалпы адамға тән қасиеттер ретінде, хакім үшеуін айтады. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі надандық, екінші-еріншектік, үшінші-залымдық деп білерсің» – дегені, міне Адам қасиеттілігі!
Қорытындылай келе, «ұлттық санамыздың тірегі» болған Абайдың философиялық лирикасы, ойлары – біздің ұлттық кодымыз» -деп тұжырымдаған ғалым Мекемтас Мырзахметовтың қазіргі абайтанудағы зерделі ой толғамдары мен пікірлерінің маңызы қашан да зор деп білемін!
Ақиқатында, хакім Абайдың әрбір өлең жолдарындағы даналық ойлар ұлтты сүюге, ізгілікке үйіретін, адамдық сипатта бой түзетуге насихаттайтын һәм парасаттылық пен өркениетке үйретіп, ұлттық тұрғыдан рухани жаңаруымызға бағдаршам болатын темірқазық екені даусыз! Осы орайда Президентіміздің «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» -деуінде салихалы, парасатты ой жатыр емес пе?!
Демек, Абай шығармашылығын, дүниетанымын жаңа қырынан тереңнен зерделеу нәтижесінде біз жаңа тұрпатты жаңғырудың басты құралы – «Ұлттық кодымызды «Мәңгілік ел» ретінде сақтап қалатындығымызда» – деп түйіндеуге болады.
Қорытынды
Биыл, 2025 жылы Қазақстан Ұлы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын атап өтеді. Бұл мерейтой тек ресми іс-шара ғана емес, ұлттық мәдениетке, рухани тамырға және қазақ зияткерлік дәстүріне терең бойлайтын маңызды күнге айналмақ!
Әрине, мерейтой аясында Астана мен Алматыда халықаралық ғылыми конференциялар өтеді. Шараларға Орта Азия, Түркия, Ресей және Европадан ғалымдар қатысып, Абай идеяларын бүгінгі күнмен үндестігін талқылайды. Еліміздің ірі театрларында Абайға арналған қойылымдар, опералар мен балеттер сахналады. Еліміздің барлық аймағы мен өңірлерінде жәрмеңкелер, көрмелер, концерттер мен флешмобтар өтеді. Астананың орталығында Абай бейнесіне арналған заманауи инсталляция орнатылады. Ұлы ақын дүниеге келген Абай облысы – осы жылдың рухани орталығына айналмақ!
Негізгі мерекелік іс-шаралар өтетін орын – Қарауылтөбе алаңы…..Дала сахнасы, ат жарысы алаңы, киіз үйлер қалашығы, сауда аймағы мен инфражүйелері толық қамтылып жатқаны, мұнда 400 орындық сахна мен 200 үйге жуық киіз үй тағы басқа орнатылатындығы – Ұлы Абайға құрмет! Тамаша!
Сонымен қатар, Абайдың 180 жылдығына арналған «онкүндік» (1-10 тамыз) мерейтойлық шаралар аясында Семей қаласының Бейбітшілік аралында «этноауыл» ашылғаны да өте құптарлық, қуантарлық іс!!!
Жалпы, Абай шығармаларының үзіндісі әркімнің үйінде ілулі тұрса және әр ауылдың ішіндегі көшелерде, аудан, облыс мәніндегі көше-жолдарының бойында орнатылып, нәтижесінде, шешімтал тұста Хәкім Абай өлеңдерінің мәніне үңіліп, оқылып, жатталып жатса күрмеулі мәселелер де өз шешуін табуына оң ықпал ететіні сөзсіз…
Бүгіндері тең құрбыларымыз, қанаттас қатарластарымыз, жастар буыны жеңіл ақша тапқанына желпініп жүргенін байқайсың. Кәсіп бастап, тез байығысы келетінге ұқсайды… Дұрыс, қарсылық болмайды. Қарсылық жоқ. Өсу керек, өркендеу керек – тілекшіміз. Десек те, бұл руханияттан, бай мәдени мұрадан нәр алған кәсіп болуы керек деп меңзейды ақын.Сонда ғана ол қайырлы болмақ, сонда ғана қайырымды жан көбеймек, мұны макроэкономикада «қайтарымды капитал» дейді емес пе? Абай көтерген проблематика қай кезде де өзекті. Себебі, автор универсалды, адам баласына ортақ, рухани кеселдерді сынайды. Адам жаны – Құдай мен Ібілістің майдандасатын орны, айқасқа түсетін алаңы. «Алла жеңсе тазарасың, имандылыққа бет бұрасың, екіншісіне ерік берсең – құрдымға кетесің. Таңдау еркі – өзіңде! Қараны – ақ, қараңғыны жарық, жаманды – жақсы етіп көрсетіп, алдар қататын Әзекең – Әзәзіл емес пе? Кісіге берілген, әрі Ақылға бас иген ерік, еркіндік, тәуелсіздік деп осы тұста бас көтеруге тиіс» дейді Ғұлама!
Ұлы Абайдың салихалы да салмақты негізгі ой-тұжырымдарын жастар қауымына жеткізгеніме алғыс айтып, ризашылық білдірудің керегі шамалы. Тек, Абай атамыздың тағылымын жастар бойларына сіңіріп, еліміздің бетке ұстар азаматы болуына тілектеспін! Осы орайда белгілі ақын Айнұр Төлеудің бүгінгі маңызды тақырыпқа арнап шығарған «Абай – менің құрдасым» өлеңінің шумағын жастар-оқырмандар назарына ұсынамын:
«Есімде жоқ»
Не үшін мұнда келіп ем?
Ғарыш жақтан асыққанда бері мен,
Сусап тұрған, су татыған ғаламнан.
Бәлкім бір сәт іздедім бе шөліме ем,
О, көкпеңбек ғаламым!
Тамшылардан таба алмадым жаныма ем!
Бір күнімнен бір күнімнің мәні кем.
Тар құрсақта тыныш жатпай тыпырлап,
Кең құшақта сары уызға қанып ем.
Асыққаным сонда менің осы ма?
Кеңістікте шөліркедім тағы мен.
Мыңмен жалғыз алыспадым әлі мен,
Сонда өзім…қайдамын?
Алысамын кеберсіген жаныммен!
Келе сала іздедім ғой, сені Абай!
«Қос ғасырлық жол бар деді» уақыт…
«Дүние есігін ашқаныма» сене алмай,
Жұрттың бәрі жыр оқыды жұбатып.
«Жо-о-жоқ! Уақыт алдамасын!
Алдамасын әр қазақтың баласын!
Өлеңінен тауып алған Өзімді,
Абай – менің құрдасым!
Тіл қатады өлшенбейтін құбылыс,
Бір ғасырға сыйғыза алмай бір басын!»
Әбдікерім Уркумбаев,
Әлем Халықтары Жазушылар Одағының мүшесі.
Жуалы ауданының Құрметті азаматы