Basty bet
«Мемлекеттік тіліміз жахандық бәсекеге қабілетті болуы шарт»
Қазақ тілінің бәсекеге қабілетті және оны үйренуге деген қызығушылық барынша артып келеді. Ең бастысы, жастарымыз оны иеңгеруге ұмтылатын болып, қызмет бабында қолданудың өсуі негізгі фактор болып отыр. Ана тіліміз 2024 жылы әлемде ең кең таралған тілдердің арасында 79 орынға тұрақтады.
Осы ретте күрделі әрі қарама-қайшылыққа толы кеңес заманында ана тілімізді әлемдік лингвистика картасынан жойылып кетуден сақтап қалған зиялы қауым өкілдерінің, ақын жазушылардың, журналистер мен ғалымдардың, мұғалімдер мен мәдениет қайраткерлерінің, яғни барша отаншыл азаматтардың еңбегін бағалауымыз керек.
Бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін ғылым-білім саласындағы инфрақұрылымды жаңғыртуға, мектептер мен басқа да оқу орындарында қазақ тілін үйрету жүйесін жетілдіруге қоса оқытушылардың мәртебесін арттыру мәселесін де шуше қажет.
Цифрлік технологияларды қолдануға баса мән берген жөн. Өйткені қазақ тілінің алдағы тағдыры, еліміздің жахандық бәсекеге қабілетті көбіне осыған байланысты болады.
Ана тіліміздің болашағы жарқын екеніне менің еш күмәнім жоқ. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде халқымызды ұйыстыру жолында маңызды рөл атқара береді. Бірақ тіліміздің тұғырын одан әрі нығайтуымыз керек.
Ата Заңымызда «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» деп жарияланған. Яғни, ол – тек қазақтардың ғана емес, этнос өкілдерінің де мемлекеттік тілі.
Жуалы аудандық сотының төрағасы
Бабырхан Абуев