Basty bet
Қарулы күштер – ел қорғаны
Құрметті жұлдызы биік Жуалы жұртшылығы!
Қадірменді ардагерлер!
Сіздерді еліміздің айбынды мерекесі – Отан қорғаушы күні мерекесімен құттықтаймын! Отанды қорғау – қасиетті парыз, қастерлі мамандық. 7 мамыр – әскери қызметшілердің ортақ кәсіби мерекесі.
Ел Тәуелсіздігінің алғашқы жылдары Қарулы Күштер құрылған сәттен бастап еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығының кепілі болып табылады. Президент саясатының арқасында аз уақыттың ішінде кез келген жағдайда әрекет етуге дайын, қорғаныс қабілеті жоғары және қазіргі заманға сай армия құрылды. Армияның қуаты күннен-күнге артып, әскердің жауынгерлік әлеуеті де күшейіп келеді.
Қазақстан жауынгерлері дәл осыдан 80 жыл бұрын адамзат тарихындағы алапат соғыста жанқиярлық ерлігімен Жеңіске жеткен ата-бабалардың дәстүрлі мұрасын абыроймен жалғастыруда.
7 және 9 мамырдағы мерекелердің ұрпақтар сабақтастығы ретінде қатар атап өтілуі де ерекше маңызға ие. Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мерекелерінің қатар келуінің тарихи терең мәні бар. Бұл екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңімпаздардың әскери дәстүрі мен Отан қорғаушылардың қазіргі буынының өзара сабақтастығын білдіреді. Аталар мен әкелердің озық дәстүрлерін жадымызда сақтап, жаңғырту, оны кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде аманат ету – қасиетті борыш!
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіз елімізге бейбіт өмір, әрбір шаңыраққа шаттық, бақ-береке тілеймін!
Ізгі тілекпен,
Жалғас МҰРТАЗА,
аудан әкімі