Өткен аптада аудан әкімі Нарбай Ергебеков облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының өңірлік коммуникациялар қызметінде болып, ағымдағы жылдың тоғыз айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін баяндады.
Нарбай Әбілқасымұлы ең алдымен ұлттық экономикалық кеңістіктің бір бөлшегі болып табылатын ауданымыздың экономикасының барлық бағыттарында оң серпін сақталып отырғанын баса көрсетті. Атап айтқанда, аудан экономикасындағы жалпы өңірлік өнімнің көлемі 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығындағы кезеңде36 020,2 млн. теңгені құрап, (2018 жылдың тоғызайында 30 601,6 млн. теңге)былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда17,7 пайыз артып отыр. Жалпы өңірлік өнімнің құрылымында өнеркәсіп үлесі 20,8%, ауыл шаруашылығы жалпы шығарылымы 60,7%, құрылыс жұмыстарының көлемі 9,8%, сауда айналымы 8,7% құрап отыр.
Есепті мерзімде ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарымы 21 млрд. 866,2 млн. теңгені құрады (оның ішінде малшарушылығы өнімі12 113,2 млн. теңге НКИ 101,0 пайыз, егін шаруашылығы өнімі 9 749,7 млн. теңге НКИ 101,7 пайыз), (2018 жылдың 9 айындажалпы шығарылым 18 683,9 млн. теңге) немесе нақты көлем индексі101,3 пайызды құрады.
Мал шаруашылығында 2019 жылдың 1қазанынамал басы 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара2,4 пайызға, қой мен ешкі 3,6 пайызға, жылқы 4,1пайызға,құстар 1,0 пайызғаартып отыр.
Мал өнімдері бойынша 2019 жылдың 1 қазанына былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өнімі 1,5 пайызға, сүт өнімі1,7 пайызға, жұмыртқа 2,1 пайызға артты.
Ағымдағы жылдың 1 қазанына аудан бойынша жалпы құны 297,4 млн. теңгеге барлығы 54 ауыл шаруашылығы техникасы, соның ішінде 33 жаңа «МТЗ»маркілі тракторлар, бірдана тиегіш, 20 дана ауыл шаруашылығы тіркемесі сатып алынды (2018 жылдың осы кезеңінде жалпы құны 267,6 млн. теңгеге барлығы 38 ауыл шаруашылығы техникасы алынған, соның ішінде 18 жаңа МТЗ тракторы, 15 дана ауыл шаруашылығы тіркемесі, бір дана шөп жинайтын комбайн ментөрт дана әртүрлі техника сатып алынған). Яғни, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16 ауыл шаруашылығы техникасы артық сатып алынып отыр.
Ауданда бірқатар өндіріс ошақтары жұмыс жасап, нәтижесінде өнеркәсіп өнімдеріншығарып отырған кәсіпорындар 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында7 495,4 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, (2018 жылы 9 айда5 071,9млн. теңге) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 103,2 пайызды құрады.
2019 жылдың 1 қазанына аудандағы кәсіпкерлік субъектілері бюджетке 389 797,1 мың теңге салық түсірді (2018 жылдың осы кезеңінде кәсіпкерлік субъектілері бюджетке 155 854,0 мың теңге салық түсірген).Яғни, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аудандағы кәсіпкерлік субъектілері бюджетке 242 943,1 мың теңге салық артық түсіріп отыр немесе 2,5 есеге артып отыр.
Статистикалық деректерге сәйкес 2019 жылдың 1 қазанына аудан көлемінде 4605 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, соның ішінде: екі орта, 167 шағын кәсіпорын (заңды тұлғалар), 2048 жеке кәсіпкер мен 2388 шаруа қожалығы. Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 4252-сі, немесе 92,3 пайызы жұмыс істеуде. (2018 жылдың осы кезеңінде жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 3 883 болған).Яғни, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аудандағы жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 369-ға немесе 9,5 пайызға артып отыр.
Ауданда 2019 жылдың қаңтар-қыркүйекайларында 1 857,2 млн. теңгенің (2018 жылдың 9айында1 632,5 млн теңге) бөлшек саудасы жасалып, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі7,5пайызға артып отыр.
2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 3 543,3 млн. теңгені құрап, (2018 жылы 4 635,4 млн. теңге) былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 74,8 % пайызға орындалды.
Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылы Қошмамбетов атындағы орта мектепте жапсарлас спорт залы құрылысы жалпы 107 379,5 мың теңгеге толық аяқталып, пайдалануға берілді.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2019 жылдың қаңтар-қыркүйекайларында 4 015,4 млн. теңгені құрады(2018 жылы 11 548,4 млн. теңге), 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда35,9 пайызға орындалды.
Ауданда құрылыс саласында да оңды өзгерістер байқалады. Жеке тұрғын үй салушылардың есебінен 2019 жылдың қаңтар-қыркүйекайларында жалпы алаңы 8 906шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер аула құрылыстарымен бірге қабылданды.Бұл көрсеткіш 2018 жылдың осы кезеңіменсалыстырғанда115,3пайызға орындалып отыр.
Сондай-ақ аудан басшысы өңірдегі облыстық және жергілікті мәндегі автожолдардың сапасы жыл санап жақсарып келе жатқанын қанағаттанғандық сезіммен атап көрсетті. Бүгінде аудандағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар жолдардың үлесі 86,8 % құрап отыр. Биыл жоспардағы Көлбастау-Талапты-Алатау-Застава автожолының 1,9 шақырымына, Жаңаталап-Күркүреусу бағытындағы автожолдың 3,069 шақырымына, Шақпақата-Т.Дүйсебайұлы автожолының 2,564 шақырымына орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 88 % орындалды.
«2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасының аясында ауданның елді мекендерінің инфрақұрылымдық кешенін жаңғырту іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылға Б.Момышұлы ауылы мен ауылдық округтерге ұсынылған 25 жобаға қорытынды беріліп, 45 781,6 мың теңге қарастырылып, тиісті жұмыстар атқарылды.Соның ішінде жарықтандыру бойынша 15 386,1 мың теңге көлемінде тоғыз жоба, жолдарды (көпірлерді) ағымдағы жөндеу бойынша 16 093,6 мың теңге көлемінде 10 жоба, жолдарды орташа жөндеу бойынша 3 920,2 мың теңге көлемінде бір жоба, абаттандыру бойынша 10 166,8 мың теңге көлемінде төрт жоба және су құбыры мұнара, ұңғыма және су құбырларын ағымдағы жөндеу бойынша 214,9 мың теңге көлемінде бір жоба іске асырылды.
2020 жылға Б.Момышұлы ауылы мен ауылдық округтерден жалпы сомасы 46 383,0 мың теңгені құрайтын 18 жоба ұсынылды.
Есепті кезеңде білім мекемелеріне жалпы 27 813,2 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Шақпақата ауылындағы Қ.Сағындықов атындағы орта мектебіне ішінара оқу корпусының шатырына күрделі жөндеу жұмыстарына12783,4 мың теңге, Көлтоған ауылындағы С.Байтіков атындағы орта мектебіне ішінара оқу корпусының шатырына күрделі жөндеу жұмыстарына 6674,6 мың теңге, Көлбастау ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің спорт залының еденін ауыстыруға ағымдағы жөндеу жұмыстарына 4480,0 мың теңге, Қайрат ауылындағы Мыңбұлақ орта мектебінің жылыту жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3875,2 мың теңге бөлініп, игерілді.
2019-2020 оқу жылында аудандағы жалпы білім беретін39 мектептің барлығы компьютендірілген. Аудан бойынша компьютерлердің саны 1795 дананы құрайды. Аудан бойынша9 оқушыға 1 компьютерден келеді.2019 жылы №1 мектеп-гимназияның және №25 Ақтөбе тірек мектебінің базасынан IT-сыныптар ашылды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылған 1-6 жастағы балалардың үлесі 82% (облыста -82,6), ал, 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесі ауданда 100% (97) көрсетті.Яғни, аудан 1-6 жас көрсеткіш бойынша 4,8 % төмен (бұл көрсеткіш түйінді нысаналы индикатор тізбесіне енбеген), ал 3-6 жас бойынша- 2,1 % жоғары.
Ауданның спорт және денешынықтыру саласында есептік кезеңде 277 спорттық іс-шара өткізілген және осы іс-шараларға 49860 адам қамтылған (2018 жылдың тоғыз айында 256 іс-шараға 49310 адам қамтылған).2019 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 15790 адамды құрады немесе жалпы халықтың 29,8%.
Кәріқорған, Нұрлыкент және Қошқарата ауылдарында«Street Workout» спорт алаңшалары орнатылды.
Одан әрі қарай Нарбай Әбілқасымұлы аудан бюджетінің кірісі мен шығысына, атқарылу барысына тоқталды. Мемлекеттік бюджеттің кірістер жоспары 10 169 857,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 10 311 686,7 мың теңге, немесежоспар 101,4 пайызға орындалды. Аудандық жергілікті салықтарының жоспары 982 357,0 мың теңге болса, нақты түсіп отырғаны 1 105 810,6мың теңге орындалуы 112,6 пайыз немесе 123 453,6 мың теңге артық түсіп отыр. Әлеуметтік салықтың кірістер жоспары 145 400,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 169 652,8 мың теңге, немесе 116,7 пайыз орындалды.
Есепті мерзімде төлемдер жоспары10 251 983,0 мың теңге болса, кассалық атқарылуы 10 215 993,2 мың теңгені құрап отыр, игерілмеген қаржы сомасы 35 989,8 мың теңге немесе атқарылуы 99,6% құрады.
Әлеуметтік блок. Есепті тоқсанда жұмыссыз ретінде ресми тіркеуде қалғандар саны 654 адамды құрап, ресми жұмыссыздық деңгейі 2,2 пайыз болып қалыптасты (2018 жылы тоғыз айда 787 адам немесе 2,7 пайыз).
Халықты жұмыспен қамтудың 2019 жылға арналған кешенді жоспарынасай ауданда жалпы 2759 азаматты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту межеленген. Есепті мерзімде жұмыспен қамту органдарына 1 941 азамат қайырылса, жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларына 2214жұмыссызтартылды.Атап айтқанда, тұрақты жұмыс орындарына 1008 адам, қоғамдық жұмыстарға 356 жұмыссыз, әлеуметтік жұмыс орындарына 183 жұмыссыз, «Жастар тәжірибесіне» 285 жас, қысқа мерзімді кәсіби оқытуға 205 азамат, «Бастау-бизнес»курсына 101 адам, несие алуға 76 адам жолданды.
Сондай-ақ, 2019 жылға мүмкіндігі шектеулі 49 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланып, тоғыз айда 42 мүгедек жұмыспен қамту шараларына тартылды (қоғамдық жұмысқа 13адам, «Жастар тәжірибесіне» төрт жас, әлеуметтік жұмыс орындарына жеті адам, тұрақты жұмыс орынға 14 адам, кәсіптік оқуға төрт адам жолданды).
«Атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңға өзгерістер енгізілуіне және күнкөріс деңгейінің 50 пайыздан 70 пайызға көтерілуіне байланысты 2500 отбасындағы 12828 адамын 1сәуірден бастап қамту жоспарланды. Жылдың тоғыз айында атаулы әлеуметтік көмеккеөтініш берген 2501 отбасының 12481 адамына 1 336574,9 мың теңге көмек тағайындалып төленді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау қызметі бойынша тоғыз айда 347 отбасының өтініштері рәсімделіп,оларға 6499,8 мың теңге тағайындалып, төленді.
Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеуқызметі бойынша 9 айда 583 азаматтардың өтініштері рәсімделіп 30926,0 мың теңге біржолғы қаржылай көмек көрсетілді.
Үйде оқытылатын мүгедек балаларға жұмсалған шығындарды өтеу қызметібойынша жылдың тоғыз айында дамуында кемістігі бар 77 балаға жергілікті бюджет есебінен 2393,0 мың теңге жәрдемақы тағайындалып төленді.
Абылайхан Сәрсен,
«Жаңа өмір»