Basty bet
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ – АДАМДЫ ҚОРҒАУ
Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен дүниежүзі бойынша жұмыс орындарында жазатайым жағдайлар мен кәсіби аурулардың алдын алуға жәрдемдесу, сондай-ақ еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру және насихаттау мақсатында 28 сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні ретінде аталып өтеді.
Қазіргі Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атауымен алғаш рет 2003 жылы Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен аталып өткен болатын.
Жалпы бұл мерекені кең мағынада алатын болсақ, еңбекті қорғау мәселесі адамдар еңбек ететін кез келген ортада, кәсіпорындар мен өңдірістерде өте қажет. Өйткені еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен қатар, қызметкерлер мен жұмыс берушілердің, еңбек ұйымдары мүшелерінің және жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне де қатысты болып табылады.
Еңбекті қорғау дегеніміз – бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі.
Ал негізгі мақсаты – жұмыс берушілердің, қызметкерлердің, жұртшылықтың өндірістік жарақаттану және қолайсыз еңбек жағдайлары мәселелеріне назар аудару, сондай-ақ осы мәселелерді шешуге ықпал ету болып табылады.
Бүгінгі күні елімізде еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөнінде атап айтар болсақ, оның өңдірістегі жарақат пен өңдірістік сырқаттың азаюы бойынша жұмысты ұйымдастыру мен біздің қоғамымыздың азаматтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда оң нәтижеге жетіп отырғаны сөзсіз. Әлбетте осы еңбекті қорғау мәселесінде жұмыс ұйымдастыру бойынша белгілі бір тәжірибегеие бола отырып, осы жұмыстарды ұйымдастырубойынша орын алған кейбір проблемалар мен ұсыныстарда айтылып жүр.
Біздің елімізде еңбекті қорғау және жұмыс орындарындағы қауіпсіздік туралы мәселелерге ерекше назар аударылады. Еңбекті қорғауға байланысты оң мәдениет еңбекке қатысуға негізделген, ол барлық тараптардың үнемі еңбекті қорғауды нығайтуға белсенді қатысуын білдіреді. Еңбекті қорғаудың жоғары мәдениеті қамтамасыз етілген жерде жұмысшылар өздерінің қауіпсіздігі мен денсаулығына немесе өндірістік қауіп-қатерлерге қатысты алаңдаушылық білдіруден қысылмайды, ал әкімшілік қызметкерлермен бірлесіп туындаған мәселелердің негізді, тиімді әрі сенімді шешімдерін іздеу туралы бастама көтереді. Бұл үшін қажетті шарт – сенім мен өзара құрметке негізделген ашық ақпарат алмасу.
Елімізде қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында мониторинг жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы басты қағидаларға ең бірінші жұмыскердің өмірі мен денсаулығын сақтау жатады. Әрі қарай жұмыскерлердің денсаулығына өндірістік зиянды әрекеттердің әсер етуіне жол бермеу, еңбек шартында жұмыскерлердің құқығын қорғау мен қауіпсіздік және еңбекті қорғау жағдайы туралы ақпараттың толықтығы және шынайылығы сияқты мәселелер жатады. Қай кезеңде де қауіпсiз еңбек – әрбір азаматтың құқығы болып табылады. Сондықтан еңбекті, оның ішінде, қауіпсіз еңбек салтын қамтамасыз ету ісін ертеңге қалдыруға болмайды!
“Жаңа өмір”-ақпарат