Basty bet
ДІНШІЛДІК ҚОҒАМҒА ТӨНДІРЕТІН ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІП
Діншілдік ең алдымен қоғамға, әлеуметтік тұрақтылыққа және ұлттық қауіпсіздікке төндіретін қауіп.Өз әсерін қауіпсіздік саласына емес сонымен қатар, мәдени салаларға да теріс әсерін тигізеді.
Діншілдік қоғам үшін бірқатар идеологиялық қауіп төндіруі мүмкін, әсіресе діннің шектен тыс саясилануы мен оның адам құқықтары мен еркіндіктеріне қайшы келетін формаларында байқалады.
Қазіргі жаңа жалпы әлемдік кезде діннің қоғамдағы рөлі күрделене түсті деуге болады. Дін рухани құрал ретінде маңызды орын алса, діншілдік – қоғам үшін идеологиялық қауіпке айналған шектен тыс ұғым.
Діншілдік адамның ой-санасын басқару арқылы қоғамға, яғни адамзатқа діннің өз табиғи мәнінен алыстату арқылы қауіп-қатер тигізеді. Діншілдік идеологиялары көбіне радикалды ағымдардың негізіне айналады. Бұл ағымдар өз ұстанымында бәрінен жоғары қояды, зорлық-зомбылық, әлеуметтік алауыздықты қолдайды.
Қазақстан зайырлы мемлекет. Алайда соңғы кездері ақпарат құралдарының дамуына байланысты көптеген жастар арасында радикалды діни ағымдарға деген қызығушылық артты. Сол себепті де жастарымыз діншілдікке бет бұрмау үшін ең алдымен отбасындағы көрген тәрбиені, ата-ананың дұрыс пен бұрысты кішкентайынан ажыратуына күш жігерін салуы қажет!
Марат Қасымбеков,
Қызыларық ауылдық
округінің әкімі