Basty bet

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, басқару органдарының пікірін ескере отырып Жуалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қошқарата ауылдық округінің Қошқарата, Ақтасты және Қызтоған ауылдарының аумағы қосымшадағы экспликация негізінде шекарасы (шегі) өзгертілсін.
2. Осы бірлескен аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихат шешімінің орындалуын бақылау және интернет-ресурстарда жариялануы аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағыға және аудандық мәслихаттың әкімшілік-аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Жуалы ауданының әкімі Аудандық мәслихаттың хатшысы Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы

Таңдаулы материалдар

Close