Basty bet

АУДАН ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Өткен аптада аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімі Жалғас Мұртаза және қоғамдық кеңестің мүшелері мен жергілікті қоғамдастықтың төрағалары қатысты.
Отырыста аудан әкімі Жалғас Мұртаза ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәселені қарап, азаматтық қоғамның пікірлерін ескере отырып, аудандық Қоғамдық кеңестің жаңа құрамымен кездесіп, пікір алмасты.
Кездесу барысында аудан әкімі Жалғас Мұртаза Мемлекет басшысының бағдарламалық тапсырмаларын орындау, соның ішінде «Таза Қазақстан» республикалық, экологиялық акциясы аясында мемлекеттік мекемелер, денсаулық сақтау саласы және балабақшалар туындаған өзекті мәселерді қолға алынып жатқанын және осы мәселелер барысында қоғамдық мүшелер де үлес қосу керектігін ұсынды.
Сонымен қатар, қазіргі таңда «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2,5% несие арқылы мал басын көбейтіп, аудан тұрғындарының тұрмыстық жағдайы көтерілген. Бес бағыт бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту барысында өндірістер ашылып, тұрмыстық қажеттілікке байланысты халықтың игілігіне пайдалы жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Атап айтар болсақ, елді мекендерде наубайханалар, шаштараз, тігін шеберханалары, жиһаз және құрылыс материалдарын шығаратын жаңа жұмыс орындары ашылуда.
Аудан басшысы 2025 жылы ауданда атқарылатын ірі жобаларға тоқталып, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауылшаруашылығының өндірісін дамытып, қайта өңдеу жұмыстары мәселелері көтерілді. Аудандағы туризм саласының бірінші кезекте дамыту керектігін де атап өтті. Одан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарда қолға алынып, кадр саясатындағы игілікті жұмыстар жасалып жатқанын да хабардар етті.
Сонымен қатар, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Рақымғазы Құниязов қоғамдық бақылау нысандарының әлі де болса жандандыруды ұсына отырып, 2025 жылдың міндеттеріне, бекітілген жұмыс жоспарына тоқталды. Қоғамдық кеңестің «Ережесіне» сәйкес бекітілген тұрақты комиссия және «Төралқа» құрамымен таныстыра отырып, жергілікті атқарушы органдарымен тиянақты жұмыс жасайтынын жеткізді.
Жоғарыдағыларды ескере келе, төмендегідей
ұсыныстар мен шешім қабылданды:
1. Аудан әкімі Жалғас Мұртазамен кездесу барысындағы ұсыныстар назарға алынсын. Қоғамдық кеңестің аудандағы рөлі, маңыздылығы, келешекте де бірлесе жұмыс атқарылатындығы және уәжді жауап беру міндеттерін ескеру ұсынылсын.
Рақымғазы Құниязов,
аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы

Таңдаулы материалдар

Close