Basty bet
Бала – біздің байлығымыз!
«Адамның бір қызығы бала деген» деп Абай атамыз айтқандай, бала – біздің басты байлығымыз. Адам өмірінің мәні мен сәні – өсіріп отырған ұрпағы емес пе?! Бүгінгі ерке құлыншақтар – еліміздің ертеңі мен болашағы. Келер күннің айнасы «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», – деген болатын.
Ұлтымыздың жалғасы болар ұрпағымызға жан-жақты тәрбие беріп, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету және оларды өнер-білімге баулу – бүгінгі күннің басты міндетіне айналып отыр.
Жақында Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында «Нұрлы ұрпақ» балабақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Әлемнің көркі – балалар» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шарада бүлдіршіндеріміз Адия Алдаберген, Ердәулет Амангелді, Омар Ердан, Мүсілім Омаш балалар күніне арналған тақпақтарын айтып берді.
Іс-шара ұлдардың «Қазақстан», қыздардың «Стюардесса» биімен жалғасты. Кеш соңында бүлдіршіндер «Біз мектепке барамыз!» хорын орындады. Кітапханашылардың атынан бүлдіршіндерімізге түрлі тәттілер, сыйлықтар берілді. «Балалар – біздің болашағымыз!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханаға сегіз оқырман жазылып, 16 дана кітап қолға берілді.
Эсмира МӘДЕН,
Б.Момышұлы ауылдық балалар кітапханасының кітапханашысы