Basty bet
Жаздық арпа тұқымын себі аяқталып келеді
биыл өңір шаруалары егістік алқаптарға сапалы тұқым түрлерін сіңірді
Отандық мәлімет көздеріне қарағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі агроөнеркәсіп ке шенін дамытудың 2021-2025 жылдарға ар налған ұлттық жобасын қабылдағаны белгілі. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ұлттық жобаны іске асыру барысында жауаптыларға еңбек өнімділігін 2,5 есе ге арттыруға агроөнеркәсіп кешені өнім дерінің экспортын екі есеге ұлғайту, сонымен қатар, ин вестициялық жобаларды іске асыру есе-бінен 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұ рақ ты түрде арттыру қажет деген маңызды тапсырма жүктегені тағы бар. Бұл ретте ел өңірлерінде жоспарлы жұмыстардың кезең-кезеңмен жүзеге асырылып жатқанын ескерсек, демек, жобаның аяқталатын уақыты да таяу деген сөз. Әлбетте, жұмыстың нәтижесін уақыттың өзі көрсете жатар…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан»: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Былтыр «Ауыл аманаты» жобасы басталды. Жалпы нәтижесі жаман емес. Енді осы жоба аясында тағы бір жаңа тәсілді, яғни «тауар несиесін» беру мәселесін қарастыру қажет. Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту – өте маңызды міндет. Тасқын судан болған қиыншылықтарға қарамастан, диқандарымыз егін егу жұмысын дер кезінде аяқтады. Оларға зор ризашылығымды білдіремін» деп атап өтіп, сала жұмысын жаңа заман ағымына сай дамытуды тапсырды. Бұл – өте маңызды міндеттердің бірі екені дау тудырмайды.
Басқа өңірлердегідей, Жуалы ауданында да дәстүрлі ауыл шаруашылығы саласындағы агроөнеркәсіп кешенін дамыту ісі жыл санап жаңаша қарқын алып келеді. Соңғы жылдары өңірде ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру мақсатында қолға алынған «Ауыл аманаты» бағдарламасымен жеңілдетілген несие қаражатына сатып алынған төрт түліктің басы едәуір артып отыр. Осыған сәйкес, жайылымдық жерлердің көлемін көбейту, суғармалы егістік жерлерді тиімді пайдалану, тиісінше, істен шыққан суғару жүйелері мен каналдарды қайта жаңғырту ісін жолға қою – күн тәртібіндегі мәселе.
Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жалпы 2024 жылы ауыл шаруашылығындағы агроөнеркәсіп кешені дамуының едәуір ілгерілегенін байқауға болады. Былтыр аудан көлемінде жауапты науқанның барысында ораққа түскен масақты және майлы дақылдардың егістік алқабымен қатар, күзгі жиын-терін кезінде өнімі жинап алынған алқаптардың көлемі – 64 мың гектардан асып жығылады. Оның ішінде, күздік бидай, жаздық арпа, дәндік, сүрлемдік жүгері және картоп, т.б. ауыл шаруашылығы дақылдары бар.
Аудан бойынша ауыл шаруашылығы жерлері – 216 306 гектар, оның ішінде, 95 435 гектары егістік, (жалпы суармалы егістігі – 8 460 гектар). Шабындық – 2 046 га, жайылым – 109 439 га, көп жылдық екпелер – 265 га, басқа да жерлер – 2 128 гектарды құрайды.
2025 жылдың өнімі үшін егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі барлығы – 54 956,0 гектарға орналастыру жоспарлануда 102,6 пайыз (2024 жылы 53 516,0 га). Биыл жаздық арпа – 28 510 гектарға, майлы дақылдар – 17 960, көпжылдық шөп алқабы – 4 500, картоп – 2 494, егілетін көкөніс алқабының көлемі – 650, дәндік жүгері – 130, бақша дақылдары – 12, ал сүрлемдік жүгері – 700 гектар алқапқа орналастырылмақ. Биыл аудан бойынша барлығы – 54 956 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, бапталады деп күтілу үстінде.
Бүгінгі күнге көктемгі дала жұмыстары қасиетті өңірге қарасты барлық елді мекенде басталып, жоспарлы жұмыстар, оның ішінде, күннің жылынып, жердің қызғанын тиімді пайдаланған шаруалар қазір жаздық арпа және картоп тұқымын егістікке сіңіру үстінде. Ауылдық округтерде атқарылып жатқан көктемгі дала жұмыстарына келетін болсақ, көктемгі жер жыртудың жоспары – 8 186 гектарды құраса, орындалғаны – 7 800 гектар (орындалуы – 95%), Дайындалған жердің жоспары – 55 306 гектар болса, оның орындалғаны – 18 650 гектар. Жаздық масақты дақылдарды себу жоспары – 28 510 гектар болса, орындалғаны – 14 020 гектар, (орындалуы – 49,0 %). Ал көпжылдық шөптің жоспары – 4 500 гектар болса, оның орындалғаны – 3 880 гектар, (орындалуы – 86 %). Айта кету керек, 2024 жылдың күзгі дала жұмыстары барысында барлығы – 10 300 гектар егістік алқапқа күздік бидай тұқымы себілген.
– Тұқымға келетін болсақ, биылғы көктемгі дала жұмыстары барысында жаздық арпаға қажетті тұқым көлемі -5131,8 тонна, оның ішінде, өткен жылы сатып алынған супер элита тұқымынан -44,0 тонна және 1-репродукция -358,6 тоннаны құрайды. Сонымен қатар, бүгінгі күнге «Алматы» ғылыми-зерттеу институтынан жаздық арпаның 32,0 тонна «Сымбат» тұқымы сатып алынған. Олар Мыңбұлақ ауылдық округінен «Күнекей» шаруа қожалығы – 30 тонна және Көкбастау ауылдық округінен «Ержан» шаруа қожалығы – 2 тонна. Ал Ақтөбе ауылдық округінен «Абзал» шаруа қожалығы мақсары дақылының элиталы «Нурлан» сортының 2 тоннасын жеке қаражатқа сатып алды,- дейді аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Ермұхан Сүгірбеков.
Жалпылама алғанда, Президент Жолдауында ерекше атап көрсетілгендей, ауыл шаруашылығы саласын дамытып, агроөнеркәсіп кешенінің жұмысын ілгерілету – маңызды мәселе. Ол үшін көктемгі дала жұмыстарын тыңғылықты атқару кезек күттірмейтін шаруа. Қазір аудан шаруашылықтарының барлығында дала жұмыстары қызу атқарылып жатса, кейбір әлеуетті шаруалар жаздық арпа тұқымын себу жұмыстарын толығымен аяқтап та қалды. Мұның ішінде, шаруалардың дені соңғы жылдары сапалы тұқым егуді дәстүрге айналдырып отыр. Бұл – егістіктен мол өнім алудың бірден бір кепілі екені даусыз…