Basty bet
“Біз ұмытпаймыз, қастерлейміз”
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай Шақпақ ауылдық округіндегі «Ер есімі – ел есінде» және «Ешкім ешқашан ұмытылмақ емес» монументтеріне гүл шоқтарын қойылып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етілді.
Шара барысында ауылдық округінің әкімі Нұрбақыт Балтабаев, аудандық мәслихаттың депутаты Ермек Абдиваитов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Балтабай Көшербаев сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап мерекеге орай ізгі лебіздерін жеткізді.
Шараға қатысушылар сұрапыл соғыста қаза болған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Гүл қою шараларына ауылдық округтегі мекемелер мен мектеп оқушылары атсалысты.
Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай жас ұрпақты өз Отанын, елін, жерін сүюге, қаһарлы күндердегі халқымыздың үлгі тұтарлық қасиетін мақтан ете отырып, Тәуелсіз еліміздің туын биікке көтеруге, Қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін құрметтеу мақсатында ауылдық округі әкімі Н.Балтабаев және мекеме қызметкерлері тыл еңбеккерлерінің шаңырағына арнайы барып, оларды мерекемен құттықтап, мерекелік медальдар табыс етті.
Ақжан Ахметов,
Шақпақата ауылы