Basty bet

Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі туралы

Мүгедектігі бар адамды жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №287 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – АОЖБ) сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, оңалтудың техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен (бұдан әрі-ОТҚ), арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларымен» (бұдан әрі-Қағида) реттеледі.
Қағиданың 3- тармағына сәйкес, мүгедектігі бар адамдарды, 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адамдарды, сондай-ақ ҰОС мүгедектігі бар адамдарына теңестірілген адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, ОТҚ және кресло-арбалармен қамтамасыз ету осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ОТҚ, арнаулы жүріп-тұру құралдарын беруге арналған өтініштің және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен протездік-ортопедиялық көмекті, ОТҚ және арнаулы жүріп-тұру құралдарын ұсынуға медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерге сәйкес әзірлеген мүгедектігі бар адамдарды АОЖБ-ның әлеуметтік бөлігінің негізінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету ОЖБ бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация бөлімшелері, қалалық, аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы өтініш беру негізінде әлеуметтік қызметтер порталы арқылы, проактивті және веб-портал арқылы мемлекеттік қызметін көрсету, сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
Қағиданың 117-тармағы бойынша мүгедектігі бар адамдар бір мезгілде бөлме кресло-арбасымен және серуендеуге арналған кресло-арбаның бір түрімен не әмбебап кресло-арбаның немесе кресло-каталканың бір түрімен қамтамасыз етіледі.
Бөлме және/немесе серуендеу кресло-арбасын әмбебап кресло-арбаға немесе кресло-каталкасына ауыстыру олардың біреуін ауыстыру мерзімі өткеннен кейін жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 284 бұйрығына қосымша «Мүгедектігі бар адамдарға берілетін ОТҚ, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышының» 1-қосымшасы бойынша қазіргі уақытта мүгедектігі бар адамдарға арнаулы жүріп-тұру құралдарының, яғни кресло-арбалардың 8 түрі (бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло арба (балаларға), бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арба (жасөспірімдерге), ересектерге бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арба, ересектерге серуендеуге арналған кресло-арба, серуендеуге арналған кресло-арба (балаларға), серуендеуге арналған кресло-арба (жасөспірімдерге), әмбебап кресло-арба, сырғытқы арба) ұсынылады.
Протездік-ортопедиялық құралдарды, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын алған күннен бастап оларды ауыстыру мерзімдеріне сәйкес, бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбалар 7 жыл, серуендеуге арналған кресло-арбалар 4 жыл, әмбебап кресло- арбалар 5 жыл, сырғытқы арбалар 5 жылдан ерте емес мерзімде ауыстырылады.

Орындық Кабдулова,
МСЭ 3 бас маман

Таңдаулы материалдар

Close