Basty bet

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ШАРА

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі таңдағы қоғамның өткір мәселелерінің бірі. Ол ел экономикасына орасан зиян келтіріп, мемлекеттік басқару мен қоғамдық тәртіпті бұзады, Мемлекеттің кез-келген азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын қатаң сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Жемқорлықты жоюды мақсат еткен жергілікті атқарушы органдар жолдауда берілген тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндеті деп санайды. Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жауапкершілігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік органдардың қызметшілері халыққа мемлекеттік қызметтерді электронды түрде қолжетімділігі жөнінде кеңінен насихаттауда. Бұл да белгілі бір дәрежеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жолы болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз ол жемқорлыққа қарсы белсендіа азаматтық позиция. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жастармен жұмыс жасау маңызды рөл атқарады. Жас кезінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратындай мінез қалыптастыру – бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді. Бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ. Талай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кездегі құқықтық сауаттылығы әлсіздігінің салдары. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – жалпыұлттық шара. Жастарды адалдыққа, жауапкершілікке және этикаға тәрбиелеу сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетеді. Тек қоғам болып бірігіп әрекет еткенде ғана, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес жүргізуге болады.

Гүлнара СҰЛТАНБАЕВА,
Мыңбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының
іс қағаз және есеп бөлімшесінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Close