Basty bet

Жемқорлыққа жол жоқ!

«Сыбайлас жемқорлық» – деген түсінік мағынасына этимологиялық тұрғысында қарау, мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «соrruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға, пара сатып алу» -деген түсінік бергенде, құқыққа қарсы іс – әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас – жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипатталады. Қарапайым түсінік бойынша бәрінен бұрын сыбайлас жемқорлықты мемлекеттік қызметпен байланыстырады. Бар беталысқа қарамастан және басқа салада – үкімет билігі және жеке кәсіпкерлердің әкімшілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы таратуда – мемлекеттік лауазымдық тұлғалар арасында сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған заң аса егжей-тегжейлі әзірленген. Шынында да мемлекеттік қызметшілер анағұрлым ауқымды дискрециялық өкілеттілікті иелене және көбінде бақылаусыз әрекет ете отырып, өз мүдделерінде және мемлекеттік мүддесіне қарамастан лауазымдық мансаптығын қолданудың барлық мүмкіндігін иелене алады.
2025 жылдың «Жастар ресурстық орталығы» КММ бекіткен жоспарына сәйкес, әр ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар өткізілуде. Атап айтар болсақ, «Жемқорлықсыз қоғам», «Жемқорлыққа жол жоқ!», «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті», «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты жастармен кездесу, арнайы дайындалған үн парақтарын тарату және т.б. жұмыстар жүргізілуде.
Бұл шаралардың мақсаты: қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой-пікірлерімен санасуға жағдай жасау, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Олжас Кәрібай,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ
Жуалы «Адалдық алаңы» жобалық
кеңсесінің жетекшісі

Таңдаулы материалдар

Close