Basty bet
БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ
Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
Осыған орай Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен балалар жазушысы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Кеш барысында №2 Мыңбұлақ орта мектебінің оқушылары Имантай Дәулетбай, Ақмоншақ Орынбаева, Нұрсұлтан Жұмахметов, Әдемі Пернеқұл жазушының өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, Имантай Дәулетбай С.Бегалиннің өмір жолы мен әдеби мұрасы жайлы баяндама жасады. №15 Ә.Бөкейхан атындағы тірек-мектеп лицейінің 8 сынып оқушысы Мейірлан Пернеқұл «Жуалы», 1 сынып оқушысы Мансұр Пернеқұл «Туған ел» әнін орындаса, №2 Мыңбұлақ орта мектебінің оқушылары Жанерке Нағмет, Адина Жақсылық, Мадина Мұхтар, Сезім Мұхтар «Құрбылар» биін биледі. Кітапханашы Гүлнұр Егеубаева «Сөз зергері – Сапарғали Бегалин» атты кітап көрмесіне шолу жасап, «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты библиографиялық көрсеткіш және кітап инсталляциясымен таныстырды. Кітапхана директоры Қайсар Асылбеков қатысқан оқырмандарға алғыс білдіріп, Алғысхаттармен марапаттады.
Аида ШӘКІР,
аудандық орталық
кітапхананың қызметкері