Basty bet
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІ ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШІРІЛУДЕ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен 2025 жылдың 19 мамыры мен 10 шілдесі аралығында елдің барлық облыстарында әлеуметтік қолдау шараларын цифрлық форматқа көшіру бойынша кешенді жоба жүзеге асырылатын болады. Жобалық кеңсенің үйлестіруімен іске асып жатқан бұл бастама – әлеуметтік саясатты тиімді басқарудың жаңа кезеңі.
Цифрландыру аясында өңірде Socium платформасы мен FSM Social мобильді қосымшасы енгізіліп, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді біріздендіруге және жеделдетуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
Жобаның басым бағыттары:
• Әлеуметтік қолдау түрлерін біріктіретін бірыңғай цифрлық жүйе – Socium платформасын іске қосу;
• Жеке жұмыс жоспарларын (ИПР) автоматты түрде әзірлеп, оларды уәкілетті органдармен нақты уақыт режимінде үйлестіру;
• Мобильді топтардың құрамын жаңартып, көпсалалы мамандармен толықтыру;
• Облыстық және аудандық деңгейдегі мамандарды жаңа цифрлық құралдарды қолдануға оқыту.
Жобалық кеңсенің басшысы Фарида Сағындықтың айтуынша, бұл бастама Жамбыл өңірінде әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жаңа деңгейге көтеріп, халықпен кері байланысты жедел әрі тиімді жолға қоюға мүмкіндік береді.
Мобильді топтардың құрамына әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, ішкі істер, мәдениет, спорт салаларының мамандары тартылып отыр. Олар FSM жүйесі арқылы нақты жағдайдағы отбасылармен жеке жұмыс жүргізетін болады.
Жобадан күтілетін нәтижелер:
• Әлеуметтік қызметтерге жүгіну жеңілдеп, уақыт үнемделеді;
• Мемлекеттік органдар арасында мәлімет алмасу автоматты түрде жүреді;
•Қиын жағдайдағы отбасылармен нақты, жедел жұмыс жүргізіледі;
• Әлеуметтік қолдаудың сапасы мен қолжетімділігі артады.
Жамбыл облысы әкімдігі мен аудандық деңгейдегі құрылымдар аталған жобаны өңірде сәтті жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап отыр. Бұл – халыққа қызмет көрсету сапасын түбегейлі арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Мобильдік топтың құрамына жүйемен және цифрлық құралдармен жұмыс істеу оқыту тренингі ағымдағы жылдың 29 мамыр күні Б.Момышұлы ауылы “Достық” мәдениет үйінде сағат 14:00 өткізілетінін хабарлаймыз!
Байланыс үшін: «Отбасын қолдау орталығы» КММ-ның орналасқан мекенжайы: Б.Момышұлы ауылы, В.Латикант көшесі №1. «Nuraі Plaza» ғимаратының 2-қабаты. Байланыс телефондары: +7 747 659 23 66, +7 702 164 52 95, +7 776 226 62 49.
“Отбасын қолдау
орталығы” КММ