Mádenıet
Бақұл бол, Мақұлбек асыл құрдасым!
Қазаңды кеш естідім асыл құрдас,
Еріксіз оралады жанарға жас.
Он күн бұрын форумды басқарып ең,
Сұм ажалға ешкім де қарсы тұрмас…
Орны бар азамат ең ел ішінде,
Сыйлаған үлкенің де, һәм кішің де.
Қаламыңнан ғаламат нұр төгіліп,
Үлгі болар сәттер мол әр ісіңде.
Журналистік ауыр жол таңдап едің,
Абыроймен көтердің жүгін елдің.
Туған жерің Бақалы қалай қисын?!
Тұрғанда «Бақатерек» төл еңбегің.
Асықтың бақи жаққа неге досым?!
Келді ме, иеленгің орнын босың.
Шерағаң шақырды ма, жалғызсырап,
Көрсетіп әдетімен мінез тосын…
Түнеріп кеткендей ме, оң менен сол,
Мұндайда ештеңеге жүрмейді қол.
Қоштасу сөзін айту қандай қиын,
Құрдасым, асыл досым, жәнаттық бол!!!
Пернебек БЕРДІМБЕТОВ,
Шақпақата ауылы