Basty bet

Ұлттық чемпионатқа жолдама иеленді

Тараз қаласында өткен аптада «WorldSkills Jambyl-2025» чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Оған біздің ауданнан №16 Жуалы колледжінің білімгерлері мен жетекшілері қатысты.
Чемпионат Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің базасында өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы мен ТжКБ дамыту орталығы ұйымдастырды. Чемпионаттың мақсаты – жастарды кәсіптік даярлауда үздік әлемдік тәжірибені енгізу, оқыту технологияларын жаңарту, сарапшылық құзыреттілікті дамыту және еңбек адамының мәртебесін арттыру болып табылады.
Чемпионат 28 құзыреттілік бойынша өтті. Қатысушылар саны – 175, бағалаушы сарапшылар – 140, өндірістік бас сарапшылар – 40-тан аса болды.
Чемпионатқа бірнеше тірек колледжі қатысты. Атап айтар болсақ, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі, Жамбыл инновациялық жоғары колледжі, Тараз сервис және технология колледжі, Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі, Қаратау құрылыс-техникалық колледжі, №7 Бетқайнар колледжі және №9 Меркі колледжі қатысты.
Осы ауқымды чемпионатқа колледжден төрт мамандық бойынша қатысты. Атап айтсақ, Дәнерлеу ісі-өндірістік оқыту шеберлері: Ержігіт Дайрабаев және Жәнібек Айтбеков, қатысушы: Дамир Еминов. Аспаз мамандығы-өндірістік оқыту шебері: Айнұр Берікқызы, қатысушы: Салтанат Күшербай, Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу-өндірістік оқыту шебері Құрбангүл Аймаханова, қатысушы: Манзура Сыдық, Электромонтер-өндірістік оқыту шебері: Дидар Мұратбекұлы және Бахытжан Сағындықов, қатысушы: Нұрдәулет Ортай облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанып, «WorldSkills Kazakhstan» ұлттық чемпионатына жолдама иеленді.

Құрбангүл АЙМАХАНОВА,
№16 Жуалы колледжінің өндірістік
оқыту шебері

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close