Basty bet

«Ауыл аманаты» жобасының жоспары

Апта басында Бауыржан Момышұлы ауылының әкімдігінде «Ауыл аманаты» жобасының жоспарына сәйкес жиын өтті. Жиналысқа облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Дулат Оспанов, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бас маманы Нұржігіт Мәуленов, «Amanat» партиясының жобалық офисінің өкілі, Жамбыл облысы бойынша куратор Айман Ақынбекова және «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Марат Нарымбеков, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ержан Серкебаев, ауылдық округтердің әкімдері және кәсіпкерлер қатысты.
Жиынды ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ержан Байұзақұлы ашып, жүргізіп отырды.
Басқосудың басты мақсаты – «Ауыл аманаты» жобасының алдағы жоспарымен таныстыру.
Облыстан келген мамандар «Ауыл аманаты» жобасының жоспарымен ондағы өзгерістер туралы айтып өтті. Жалпы бұл жобаға ауданға қарасты 14 ауылдық округ қатысып, барлық ауылдық округте 14 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері (АШӨК) жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 13 АШӨК ауыл шаруашылығы мақсатында, 1 АШӨК кәсіпкерлік мақсатта жұмыс жасайды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы АШӨК – 2 АШӨК мал азығын дайындау, 6 АШӨК сүт өнімдерін өндіру, 3 АШӨК мал бордақылау алаңы мен мал сою пунктін ашу және 1 АШӨК жылыжай салу жоспарланып отыр.
Кәсіпкерлік мақсаттағы АШӨК – 1 АШӨК ағаш өңдеу кәсіпорнын ашу жоспарланған.
Одан бөлек, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мақсатта 51 жобаны іске қосу жоспарланған.
Аталған кооперативтер мен жеке кәсіпкерлердің жобасын іске асыру үшін ауданға 8 018,0 (8 милллард 18 миллион) млн теңге қаражат қажет.
Биыл Б.Момышұлы ауылы, Қошқарата, Нұрлыкент, Билікөл және Күреңбел ауылдық округтері «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қаржыландырылатын болады. Аталған округтерде ашылатын ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің құрылуын және мүшелікке кіретін жеке қосалқы шаруашылықтардың тізімін нақтылап, ауыл шаруашылығы басқармасына бекітіп өткізу жұмыстары тапсырылды.
Облыстан келген мамандарға ауылдық округтің әкімдері мен кәсіпкерлер көкейде жүрген сұрақтарын қойып, оған нақты және тұщымды жауап алды.

Баян Тұрсынқұлқызы,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close