El іshіQoǵam

Талай түйткілдің түйінін тарқатты

«Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің мұрындық болуымен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын жүзеге асыру аясында Нұрлыкент, Қызыларық ауылдық округтерінде ауыл жастары мен тұрғындарына әртүрлі салалардан кеңестер беру мақсатында «Кеңес беру алаңдары» ұйымдастырылды.

Аталған шара «Серпін-2050» әлеуметтік бағдарламасы, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы, діни сауаттылықты арттыру, кәсіпкерлік бастамаларға көрсетілетін қолдаулар, ауыл шаруашылығы саласына қатысты мемлекеттік қолдау тетіктері, жер телімдеріне құжаттарды рәсімдеу мен қосалқы жерлер және т.б. мәселелер, жоғары және кәсіптік оқу орындарына түсу мүмкіндіктері және басқа да мәселелерді қамтыды.
Құрамында жастар арасында деструктивті ағымдардың алдын алу мәселесі бойынша «Жастар ресурстық орталығының» теолог-маманы Құрбан Әбдір, жер телімдеріне құжаттарды рәсімдеу мен қосалқы жерлер бойынша мәселелерге жер қатынастары бөлімінің маманы Ринат Баймаханбет, «Серпін-2050» әлеуметтік бағдарламасы бойынша білім бөлімінің маманы Гүлмира Мәден, талапкерлерге орта арнаулы кәсіптік оқыту бойынша №16 «Жуалы» колледжінің оқытушысы Майра Әшірбаева, жастарды жұмыспен қамту, қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі, несие алу, кәсіптік қайта даярлау бағыттары бойынша «Халықты жұмыспен қамту орталығы» мекемесі директорының орынбасары Нұрлан Әнуарбеков, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің инспекторы Бауыржан Әбдәлиев, жастар арасында жаман әдеттердің алдын алу бағыты бойынша аудандық орталық аурухананың жалпы тәжірибелік дәрігерлері Дакирахан Усманова (Нұрлыкент ауылдық округінен), Индира Момынова (Қызыларық ауылдық округінен), жастарды кәсіпкерлікке тарту, «Бастау бизнес» және өз кәсібін ашуға қайтарымсыз гранттар бойынша аудандық кәсіпкерлер палатасының үйлестірушісі Бекмұрат Кенжебек және жастардың шығармашылығын дамыту бойынша аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» газетінің аға тілшісі Абылайхан Сәметұлы бар топ жастар мен ауыл тұрғындарының сауалдарын тыңдап, келелі кеңестер берді.
Шараның бірінші кезеңі Нұрлыкент ауылдық округінің Нұрлыкент ауылындағы №5 М.Ломоносов атындағы орта мектепте өтті. «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры М.Телеушов шараны ашып, жарқын болашақ жастардың қолында екендігін, Президент Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында жастарға, жас отбасыларға қатысты айтылған бастамалар туралы тоқталып өтті. «Кеңес беру» алаңында жастар көптеген мәселелер бойынша ақпарат алды. Атап айтқанда, кәсіпкерлік бойынша «Бастау бизнес» және өз кәсібін ашуға қайтарымсыз гранттар мен «Серпін-2050» әлеуметтік бағдарламасы туралы көптеп сұрап, қызығушылық танытты.
«Кеңес беру» алаңының жұмысы келесі кезекте Қызыларық ауылдық округінің Қызыларық ауылындағы №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің мәжіліс залында жалғасын тапты. Мұнда да жастар мен ауыл тұрғындары өздерін толғандырып жүрген көптеген мәселелерге жауаптарын алып қайтты. Алаңның жұмысы қорытындыланып, алдағы уақытта кеңес беру алаңын көптеп ұйымдастыру жоспарланды.
Кеңеске қатысқан жастар, ауыл тұрғындары шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп, мұндай шараның алдағы уақытта тұрақты өткізіліп тұруын сұрап, тарқасты.
Абылайхан СӘРСЕН,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close