Sport

ТҮЛЕКТЕР КӨКПАР ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

1999 жылы Қайрат ауылындағы №2 Мыңбұлақ орта мектебін бітірген түлектер мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай қазақ халқының ұлттық ойыны көкпар ойынын ұйымдастырды. Ойынның жалпы жүлде қоры – 222 мың теңге.
Ойынға Б.Момышұлы, Диқан, Көлбастау, Талапты, Шыңбұлақ ауылдарының шабандоз жігіттері келіп көкпарға тігілген жүлдені сарапқа салды
* * *
Түлектер сонымен бірге кіші футболдан турнир ұйымдастырды. Турнирге 14 команда қатысты.
Жарыс нәтижесінде І орынды Қайрат ауылының 1988 жылғы жастары, ІІ орынды 1995 жылғы жастары, ІІІ орынды 1994 жылғы түлектер жеңіп алды. Жеңімпаз командаларға ақшалай сыйлықтар мен медальдар тапсырылды. І орынды иеленген командаға кубок тапсырылды. Сонымен бірге «Үздік шабуылшы» аталымын Арман Баймаш, «Үздік ойыншы» аталымын Данияр Дәуітов, «Үздік қорғаушы» аталымын Беглан Абдрашов, «Үздік қақпашы» аталымын Мұхит Құттыбаев иеленді.

«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close