Тәй-тәй бастың жан балам,
Періштемсің жан ботам.
Қандай бақыт, қуаныш,
Әрбір басқан қадамың.
Алға басып ұмтылған,
Ашық зеңгір көк аспан.
Гүл көмкерген кең далам,
Қарап балғын жүзіңе,
Жас баладай қуанам.
Жүгір қане, нұр балам,
Қоңыр көзің, бал жүзің.
Шыныдан да пәк жүзің,
Айналайын немерем.
Айдай аппақ көңілің,
¥зақ болсын өмірің.
Көздеріңнен айналдым,
Төңірекке таңданған.
Таңырқайсың таңданып,
Жұмбақ болып айналаң.
Сынақ боп тұр, бұл саған,
Жерді басқан әр қадам.
Айдай нұрлы жүзіңе,
Қараймын да көзіңе.
Жас баладай қуанам,
Берілем де сезімге.
Сүйсінем де, тамсанам,
Айналайын ай балам.
Шуақ шашқан нұр жүзің,
Балдан тәтті әр сөзің.
Мығым болсын қарағым,
Алға басқан қадамың.
Көңіл шіркін көк дөнен,
Бұрын қалай сезбегем.
Айналайын немерем,
Кең жайылсын көсегең.
Азамат боп күні ертең,
Орындалсын арманың.
Биік болсын мақсатың,
Құрмет етсін өз қатарың.
Үстем болсын мәртебең,
Ортаймасын көңілің.
Ұзақ болсын өмірің,
Көріне бер биіктен.
Тілекшіңмін мен дәйім,
Құнан қойдың ішегімен.
Тұсаулаған себебім,
Айдай алтын Мағжаным,
Бай болса екен дегенім.
Көк шөп орап және естім,
Үрім-бұтақ көбейіп.
Қанат жайса деп едім,
Ақ ниетім бұл менің.
От ауызды ақын бол.
Ел қорғаған батыр бол.
Шоқ жұлдыздай жанғаның,
Бір сөзді ер болғаның.
Өркен жайып өскенің,
Көшті бастап жүргенің.
Болса екен деп жомарт жан,
Бір Алладан тіледім.
Келешегің жарқын боп,
Нұрлы болсын ғажайып.
Тілек тілеп Тәңірден,
Шашу шаштық ниетпен.
Сапар шексең құлыным,
Жолың болсын әрдайым,
Қолдап жүрсін Құдайым!
Тілегім осы лайым!!!
Рәтбек ҚАСЫМБЕКТЕГІ,
зейнеткер ұстаз,
Нұрлыкент ауылы