El іshі

Аудандық көрме байқауы өтті

№1 Балалар өнер мектебінде аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі және «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйытқы болуымен аудандық қолөнер шеберлерінің көрме байқауы өтті. Көрме ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында «Қыздар сұлу көрінер өнерімен» атты тақырыпта өтіп, шараға аудандағы этнос өкілдері қатысты.
Байқауды Б.Момышұлы ауылының жастар ісі нұсқаушысы Элмира Сүйінбаева жүргізді. Шара №1 Балалар өнер мектебінің оқушысы Е.Қыдырбаеваның мерекелік әсем әнімен ашылды.
Қолөнер байқауының мақсаты – ұлтаралық келісімді нығайту, аудан жастары арасында барлық ұлттардың мәдениетіне, тіліне құрметпен қарауға тәрбиелеу, дарынды жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Іс-шараны «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Мейіржан Телеушов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталған байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – «Ұлттық өнер – асыл қазына» деп аталды. Бұл кезеңде байқауға қатысушы қыздар көрмеге екі қолөнер бұйымын ұсынып, таныстырды. Ал, екінші – «Ұлттық қолөнер ұрпаққа ұлағат» деген аталыммен өтті. Аталған кезеңде қыздарға 50 минут уақыт беріліп, олар рухани жаңғыру мақаласы аясында ерекше бұйым әзірлеп, қорғады.
Байқау нәтижесінде I орынды №13 А.Байтұрсынов атындағы ОМ-ның оқушысы З.Мамедова иеленсе, ал II орынды №1 МГ-ның қатысушысы К.Кононенко және №25 Ақтөбе тірек мектебінен А.Новикова өзара бөлісті. Байқаудың III орны Т.Тастандиев атындағы ОМ оқушысы Д.Рахманбердиеваға және №25 Ақтөбе тірек мектебінен А.Косяковаға бұйырды. Сонымен қатар «Ең үздік қолөнер шебері» номинациясымен №10 Күреңбел ОМ-ның оқушысы М.Кошкина және «Ең үздік ұлттық қолөнер шебері» номинациясымен №1 МГ-ның оқушысы С.Мамедова марапатталды.
Шара соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар тапсырып, өзге де қатысушыларға Алғысхаттар берілді.
Аудандық Жастар
ресурстық орталығы

Таңдаулы материалдар

Close