El іshі

10 дана кітап сыйға берілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында кітап оқу адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқаратындығы жайлы айтылған. Кітап оқу мен кітапханаларды қолдау – қоғам дамуының басым міндеттерінің бірі.
Осы ретте, аудан әкімдігі тарапынан тұрғындардың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты акциясы аясында орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне «Первый Президент Республики Казахстан Нурсултан Назарбаев. Хроника деятельности. 2017 год» атты кітабының 10 данасы сыйға берілді.

Күләш Таубалдиева,
аудандық орталық кітапхана
әдістемелік бөлімінің меңгерушісі

Таңдаулы материалдар

Close