Basty bet

“БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫ САРЫСУ АУДАНЫНДА

🔰«Бейбітшілік пен келісім» жобасы – аймақтағы этнос өкілдері көп шоғырланған елді мекендердегі этносаралық келісімді нығайтуға және халықты толғандыратын мәселелерді анықтауға бағытталған. Мемлекеттік саясатты түсіндіруге арналған ақпараттық-түсіндіру жобасы Сарысу ауданында өз жалғасын табуда. Аталмыш жоба аясында арнайы құрылған «Этносаралық және конфессияаралық келісім» тобы тұрғындарымен арнайы кездесті.
🔷Аталмыш топ құрамында облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы ф«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева, Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті Әскерден тыс жұмыс және келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау тобының бастығы, лейтенант Ербол Бекмаханов және Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Ермахаов бар.
🔷Жұмыс тобы аудан орталығы Жаңатас қаласы және Арыстан, Саудакент ауылдарына барып, тұрғындар тілегіне құлақ түрді.
🔷Кездесу барысында тұрғындарға Мубарак Қасымқызы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты XXXIV сессиясының шешімдерін іске асыру төңірегінде бірқатар мәселелер, аймақтық Ассамблеяның жобалары туралы айтылып, аудандық прокуратура қызметі тарапынан заңнамалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🔷Жиын барысында «Манас» қырғыз этномәдени бірлестігінің жетекшісі Алтай Сатыбеков аудандағы этностардың тыныс-тіршілігінің жайымен бөлісіп, жүрек жарды өлеңінде арнады. Бұдан өзге этностардың түрлі тақырыптардағы мәселелері тыңдалып, шешу жолы қарастырылды.
🔷Кездесу соңы жиынға қатысқан аудандағы бірлестік жетекшілері және белсенді өкілдерінің естелік суреттерге түсуімен түйінделді.

Таңдаулы материалдар

Close