Basty bet

Жұмыс тобының отырысы өтті

2025 жылдың 8 қыркүйегінде Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы жас сайлаушылар клубының қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.
Жиында жас сайлаушылар клубы диалог алаңдары және өзге де жастармен өзара іс-қимыл нысандарын ұйымдастырушы орган болып табылатыны туралы түсіндірілді.
Жас сайлаушылар клубының ашылуы жастардың электоралдық мәдениетін арттыруға, ауданның жас азаматтарының құқықтық санасы мен белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға, жастардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыруға және сайлауды ұйымдастырушы жастар арасынан кадрлардың кәсіби резервін қалыптастыруға бағытталған.
Сондай-ақ, отырыс аясында іскерлік ойындар, мастер-класстар мен семинар-тренингтерден бастап, байқаулар мен кездесулерге дейінгі кең ауқымды бағыттарды қамтитын Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары таныстырылып, жұмыс тобының мүшелері арасында іс-шаралар кешені бойынша бөліністер бекітілді.

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Таңдаулы материалдар

Close