Basty bet
“Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілерге күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру” мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті – белгіленген электр қуаты 5 (бес) МегаВаттан астам, сондай-ақ өз теңгерімінде 110 (бір жүз он) килоВольт және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға, жылу өндіруші субъектілерге (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын 100 Г/кал астам жылу қазандықтары), жылу тасымалдаушы субъектілерге (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын жылу желілері) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын береді. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері – өз құрамында кернеуі 35 (отыз бес) кВ және одан төмен электр желілері бар энергия беруші ұйымдарға, белгіленген электр қуаты 5 (бес) МВт және одан төмен энергия өндіруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 35 (отыз бес) МВт дейін қоса алғанда жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға, сондай-ақ облыс орталықтарындағы және республикалық маңызы бар қалалардағыны қоспағанда, жылу өндіруші субъектілерге (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын 100 Г/кал төмен жылу қазандықтары), жылу тасымалдаушы субъектілерге (орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын жылу желілері) әзірлік паспортын береді. Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары – жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын жылу энергиясы көздері мен жылу желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын береді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері “Электрондық үкіметтің” веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – Портал).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 15 (он бес) жұмыс күні.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Электрондық (ішінара автоматтандырылған).
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты; энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты ескертулермен; мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес береді. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері – осы Қағидаларның 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 35 (отыз бес) МВт дейін қоса алғанда жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты; энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 35 (отыз бес) МВт дейін қоса алғанда жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты ескертулермен; мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес береді. Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары – осы Қағидаларға 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын жылу энергиясы көздері мен жылу желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты; жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын жылу энергиясы көздері мен жылу желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты ескертулермен; мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес береді.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
7. Көрсетілетін қызметті берушілердің, “электрондық үкімет”веб-порталының жұмыс кестесі Жұмыс графигі: 1) көрсетілетін қызметті берушілер-демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін жүзеге асырылады; 2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, 15 (он бесінші) тамыз сағат 9-00-ден 30 (отызыншы) қыркүйек сағат 18:30-ға дейінгі кезеңде тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарға және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға осы “Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілерге күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – Тізбе); 2) осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі; 3) осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалғанын растайтын құжаттар тізбесі; 4) Энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын бірінші санаттағы сараптама ұйымының станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының техникалық жай-күйі, сондай-ақ ұйымның алдағы күзгі-қысқы кезеңде тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге дайындығы туралы қорытындысы; 5) Электр қондырғыларын пайдаланудың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдардың басшыларында, мамандарында техникалық пайдалану қағидалары мен техника қауіпсіздігі қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерден өтудің оң нәтижесі болып табылады. Білімін біліктілік тексеруден өтуі қажет басшы лауазымға тағайындалғаннан кейін бір айдан кешіктірілмей немесе техникалық басшы бекіткен үлгілік немесе жеке даярлау бағдарламасында көрсетілген мерзім өткенге дейін лауазымға тағайындалған немесе ауысқан кезде басшыны лауазымға тағайындау туралы қолданыстағы бұйрықты қоса беру қажет. Бұл ретте, егер даярлаудың үлгілік немесе жеке бағдарламасындағы мерзім бір айдан асса, онда техникалық басшы бекіткен мерзім де қоса берілуі қажет. Осы тармақта көрсетілген құжаттарды Портал арқылы берген кезде олардың электрондық көшірмелері қоса беріледі. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін Қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден “электрондық үкімет” шлюзі арқылы алады.
9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) осы Тізбеге 3-қосымшада белгіленген шарттар мен талаптардың орындалғанын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда; 2) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 3) көрсетілетін Қызметті алушының және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Тізбеге 3-қосымшада белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады; 5) “Дербес деректер және оларды қорғау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар 1) Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардан және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілерден (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Әзірлік паспортын алуға құжаттарды қабылдау жыл сайын 15 (он бесінші) тамыздан бастап 30 (отызыншы) қыркүйекті қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады 2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар; 3) көрсетілетін қызметті алушының порталдың “жеке кабинеті”, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Біртұтас байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар; 4) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқасы қолжетімді; 5) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары beta.egov.kz/memleket/entities / energo, интернет-ресурсында “Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер” бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Біртұтас байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.