Basty bet

Оқушылармен семинар өтті

Өткен аптада ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н.М.Әбдіровпен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай барлық деңгейдегі сайлау комиссияларына арналған іс-шаралар жоспарының 7-тармағына сәйкес, Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастырумен №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияның 10-11 сыныптың оқушыларымен семинар өткізілді. Семинарды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Алтыбаева жүргізіп отырды.
Сондай-ақ сол күні №16 Жуалы колледжінің білімгерлерімен семинар өткізілді.
Семинарда «Сайлау және сайлану құқығы туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі туралы», «Сайлау тарихы», «Сайлау әділеттілігі», «Сайлау еркіндігінің кепілдіктері» және «Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қағидаттары» тақырыптарында баяндама жасалып, тыңдаушыларға білікті маман, парасатты көшбасшы болуларына тілек білдірілді.
Семинар соңында білімгерлер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.

Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Таңдаулы материалдар

Close