Basty bet

Жастарды қолдау – болашаққа инвестиция

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында аудандық Жастар ресурстық орталығы мен Мансап орталығының ұйымдастыруымен «Жас маман» атты 7 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараның мақсаты – жас мамандарды, жұмыссыз жастарды, колледж/ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету және жастар мен жұмыс берушілер арасында тікелей байланыс орнату.
Жәрмеңкеге аудан аумағындағы бос ваканттық жұмыс орнын ұсынған мекемелер мен кәсіпорындар қатысты. Олар – мемлекеттік ұйымдар, жекеменшік мекемелер, өндіріс орындары, қызмет көрсету саласы және ауыл шаруашылығы бағытындағы жұмыс берушілер.
Жыл басынан бері жұмыспен қамту мекемелерінің ықпалымен 35 жасқа дейінгі 667 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.
Оның ішінде:
– 272 тұрақты жұмыс орындарына;
– 41 жас 3 айлық кәсіптік оқыту курсына;
– 11 грант алған жастар;
– 112 түлек «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына бойынша;
– 11 жас әлеуметтік жұмыс орындарына;
– 102 жас ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды;
– 38 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасына жолданды;
– 78 жас «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды.
– 2 жас ұрпақтар келісім шарты;
(2025 жылдың 8 айына сәйкес 667 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды).
«Жас маман» жәрмеңкесі – жастарды жұмысқа орналастыруға, оларды өз болашағына сенімді етуге бағытталған маңызды қадам. Мұндай бастамалар ел экономикасын дамытуға үлес қосып қана қоймай, жас буынның еңбек нарығындағы орнын табуына зор мүмкіндік береді.

Жастар ресурстық орталығы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close