Basty bet

ШЕРАҒАНЫҢ ШАҢЫРАҒЫНДА…

«Шерағаның шекпенінен шыққандар» атты республикалық әдеби кеш өтті

28 қыркүйек күні қазақ әдебиетінің абыз тұлғасы, көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туған күніне орай әдеби кеш өтті.
Шара Тараз қаласындағы жазушы ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталып, әрі қарай қонақтар Жуалы ауданының Талапты ауылындағы Шерхан Мұртаза атындағы әдеби-мемориалды үйге атбасын бұрды.
Әдеби кешке жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Кәдірбек Сегізбайұлы, жазушы, журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жанат Елшібек, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мағира Қожахметова, ақын, жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асанов, публицист-жазушы Талғат Айтбай, журналист, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қайнар Олжай, ҚР Ақпарат саласының үздігі Гүлзейнеп Сәдірқызы, сыншы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әмірхан Меңдеке, жазушы, журналист, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Көсемәлі Сәттібайұлы, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нұрғали Ораз, жазушы, журналист, «Жалын» журналының Бас редакторы Құдияр Біләл және Шерхан Мұртазаның қызы Алма Мұртаза қатысты.
Олар Шерағаның әдебиет пен журналистикаға қосқан үлесі мен ұстаздық жолы туралы жүрекжарды естеліктерімен бөлісті.
Әдебиет майталмандарына ұйымдастырушылар тарапынан шапан жабылып, ерекше ілтипат көрсетілді.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай қатысып, «Шерағаның шекпенінен шыққандар» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді.

«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close