Basty bet
Денсаулық – зор байлық!» эстафеталық ойыны өтті
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол адам өміріндегі ең бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөліп, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек.
Денсаулықты сақтау үшін, ал одан да абзалы жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе саламатты өмір салтын сақтап, спортпен шұғылданып, қозғалыста болған жақсы.
Гимнастика, дене жаттығулары, жүру, жұмыс істеу қабілетін, денсаулығын, кемел қуанышты өмірін сақтағысы келген əр адамның күнделікті тұрмысына берік енгізуі тиіс.
Осы орайда, балалардың спорттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттырып, дене қозғалыстарын жетілдіру. Өз бетінше дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру мақсатында Ақтөбе ауылдық клубының мамандары мен ауыл балаларының қатысуымен «Денсаулық – зор байлық!» айдарында эстафеталық ойындардан жарыс өтті.
Іс-шарада балалар «Сұңқар» және «Алғыр» деп екі топқа бөлініп, олар төрт кезең бойынша жарысты. Жарыс өте қызықты өтті.
Нәтижесінде топтарға клуб қызметкерлерінің демеушілігімен Алғысхаттар беріліп, балмұздақ таратылды.
Ф.ОРАЗБЕКОВА,
Ақтөбе ауылдық клубының үйірме жетекшісі