Basty bet
Орман – өмірдің өзегі, табиғаттың жүрегі
Орман шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!
Құрметті орман шаруашылығы саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Орман – ел байлығының, табиғат тұтастығының және экологиялық қауіпсіздіктің кепілі. Жасыл желек – жердің тынысы, тіршіліктің тұғыры. Оны қорғап, көбейтіп, келешек ұрпаққа аман жеткізу – зор жауапкершілік пен қажырлы еңбекті талап етеді. Бұл игілікті істе өз өмірін арнаған орманшылардың үлесі айрықша.
Сала мамандарының тынымсыз еңбегі – тек ағаш егу мен күтім жасау ғана емес, табиғатты сақтау, орман байлығын ұтымды пайдалану, өрт пен табиғи апаттардың алдын алу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолындағы үлкен еңбек.
Бүгінгі күні ауданымыздың орман қорын кеңейту, көгалдандыру және табиғатты қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар – сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіздің, жауапкершіліктеріңіздің және туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіздің нәтижесі.
Осы мерейлі мереке күні барша орман саласы қызметкерлеріне зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық амандық және еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!
Жасыл желегі жайқалған орманымыз ұлт игілігі үшін мәңгі сақталсын!