Basty bet

Өмірі – өнеге, мұрасы – мәңгілік!

Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі биыл ақын- жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
Қазақ әдебиетінің көкжиегін кеңейтіп, рухани байлығын молайтқан кемеңгер тұлғалардың бірі – Сәбит Мұқанов. Ол – ақын, жазушы, ғалым, қоғам қайраткері ретінде ұлтына қалтқысыз қызмет еткен ардақты азамат. Оның шығармалары бірнеше буынның санасын тәрбиелеп, жүрегіне ізгілік нұрын септі.
Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, ақын драматург, әдебиет зерттеушісі және сыншы Сәбит Мұқановтың туғанына -125 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің сұңқары» атты әдеби саяхат кеші өтті.
Кеш барысында №21 Д.Пахомов атындағы орта мектептің оқушылары Д.Сатыпалды жазушының өмірі мен шығармашылығы, Ж.Бақытбек «Қазақ вальсі» өлеңі, А.Серікпай «Көңілім» өлеңі, Т.Сауытбек «Бостандық» өлеңі, Қ.Сауытбек «Сұлушаш» өлеңі, А.Тұрсын С.Мұқановқа арнау арнап, С.Сауытбек «Ерке сылқым» күйі, А.Серікпай «Перзент сыры» әні, «Қызғалдақ» би тобы «Тауыс» биін нақышына келтіріп орындады.
Кітапханашы К.Айтбаева «Сұлу сөздің сардары – Сәбит Мұқанов» кітап көрмесі, «Қазақ әдебиетінің дара тұлғасы» әдістемелік құрал, «Ұлт мақтанышы – Сәбит Мұқанов» ауызша журнал, «Ұлттық рухты ұлықтаушы – Сәбит Мұқанов» библиографиялық көрсеткіш, «Сәбит Мұқанов» ақпараттық-жарнамалық флайер, «Мұқанов – 125 жыл», «Кітап – ғасыр мұрасы» атты кітап инсталляциясымен таныстырып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды. Кеш соңында кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Ш.Каниева іс- шараға қатысқан оқырмандарға алғысын білдіріп, Алғысхаттармен марапаттады.

Аида ШӘКІР,
аудандық орталық
кітапхананың қызметкері

Таңдаулы материалдар

Close