Basty bet

Тәлімі мол тәрбие сағаты

«Мөлдір бұлақ» бөбекжай-бақшасында Республика күні мерекесіне арналған «Мен Отаныммен мақтанамын!» атты тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Республикасы күні – халқымыз үшін ең қастерлі, ең маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн еліміздің тәуелсіздігі мен дербестігін айқындайтын ерекше мейрам. Балабақшада Республика күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, балалардың бойында Отансүйгіштік, патриоттық сезім, елжандылық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті.
Балалар мерекелік әндер шырқап, тақпақтар оқып, би биледі. Мерекелік іс-шаралар балалардың өз елін мақтан тұтуына, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған.
Мадина УСИПОВА,
«Мөлдір бұлақ» бөбекжай бақшасының «Ботақан» кіші жас тобының тәрбиешісі.
Қайрат ауылы

Таңдаулы материалдар

Close