Basty bet
Менің таңдауым – қазақ ұлттық университеті!
Бүгінде бакалавриат дипломын алғандардың көпшілігі магистратура оқып, аяқталған жоғары білім алғысы келеді. Солардың бірі – мен, біраз университтерді қарадым. Нәтижесінде, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін таңдадым және де осы таңдауыма өте қуаныштымын. Солардың өзімді ерекше қызықтырған бастыларына тоқталар болсам, біріншіден, бұл университеттің 91 жылға жуық тарихы бар.
Ол Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау-көзі болып табылады. Екіншіден, еліміздегі ұлттық статусты иеленген университтердің алдыңғы қатарында тұр. Қарап отырсақ, университет әлемнің жүзден аса ірі оқу орындарымен және ғылыми орталықтарымен тұрақты байланыс орнатқан екен. Бұл да ерекше артықшылық. Үшіншіден, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – бірінші болып мемлекеттік аттестациядан өткен және барлық мамандықтар мен дәрежелер бойынша білім кызметін жасайтын, Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындар жүйесінің көшбасшысы болып табылады. Ол – Қазақстан ЖОО Басты рейтингісі бойынша бірінші орында, мемлекетіміздің тарихында алғашқы болып Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты «Сапа саласындағы жетістіктері үшін», Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Қызметтер пен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының дипломанты атанды. Біздің университетіміз Халықаралық университеттер Ассоциациясының мүшесі және Еуразиялық университеттер Ассоциациясының ұйымдастырушысы. Түлектерді жұмыспен қамту Рейтингісінде 500 ЖОО ішінен 220-орынға ие болған Орталық Азиядағы алғашқы университет атанды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті республикамызда университеттердің алғашқысы болып магистратураның білім беру бағдарламаларын іске асыруды бастаған, ол 1996 жылдан бастап Қазақстанда магистрлерді дайындайтын жетекші орталық болып келеді. Қазіргі таңда магистратураның 86 мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағытта дайындық жүргізіледі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті табысты мансапқа жеткен 10 мыңға жуық магистрлер мен PhD докторлар даярлап шығарған. Мен Қазақ Ұлттық университетіне дұрыс таңдау жасадым деп сенімді түрде айта аламын!
Сундетгали Калмаханов,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Медицина және денсаулық сақтау факультеті»
медицина ғылымдарының кандидаты, доцент.
Айман Хаджиева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Медицина және денсаулық сақтау факультеті» экономика ғылымдарының кандидаты.
Эльмира Каипбаева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Денсаулық сақтауды басқару» мамандығы бойынша магистранты