Basty bet
Қазақ ұлттық университетi – менiң мақтанышым!
«Армансыз адам – қанатсыз құс» демекшi, әр адамның арманы және өзiндiк мақсаты болады. Сол арман-мақсаттарыма жетейін деп әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiне магистратураға түстім. Бұл университет менi несiмен қызықтырды дейтiн болсақ,ең әуелi бұл жер-қазақтың қара шаңырағы, құтты мекенi! Аты әлемге әйгiлi ақын-жазушылар, профессорлар, депутаттар,әншiлер, т.б барлығы дерлiк осы киелi мекеннiң түлегi болды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді. QS Asia University Rankings 2025 нәтижесінде Қазақ ұлттық университетi 29-орынға ие болды. Бұл көрсеткіш университеттің халықаралық деңгейдегі беделін және білім беру сапасының жоғары деңгейін айғақтайды.
Қазақ ұлттық университетi еліміздің ғана емес, бүкіл Азияның білім беру жүйесінде озық үлгі көрсетіп, Қазақстанның мақтанышына айналды. Университет 1934 жылдан бері білім мен ғылымның ошағы болып келеді.
Қазақ ұлттық университетi студенттері мен түлектері ғылым, мәдениет, бизнес және саясат салаларында зор жетістіктерге жетіп, елдің абыройын асқақтатып келеді. Университет қабырғасындағы инновациялық зертханалар, ғылыми жобалар және мәдени шаралар студенттердің жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Бұл университет – Ұлы Даланың білім мен ғылымдағы бренді, жаңа идеялар мен шығармашылықтың орталығы.
Қорытындылай келе айтар болсам, бұл университет менiң жарқын болашағымның кемеңгерi, арманымның асқақтауына себепкер бiлiм ордасы!
Мақсат Қонысбаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Денсаулық сақтаудағы саясат және ұйымдастыру» аға оқытушы, кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары.
Эльмира Каипбаева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Денсаулық сақтауды басқару» мамандығы бойынша магистранты
