Basty bet

Жыр мен жалын жарқылы – Жұбан Молдағалиев

Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2025 жылы ақын-жазушылар шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафон» жобасы жалғасуда.
Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ел рухының жыршысы, Қазақстанның халық ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл толуына орай «Жалын, жарқыл шашқан – Жұбан ақын…» атты поэзия кеші өтті.
Кеш барысында №30 Көктөбе орта мектебінің оқушылары Әсет Базарбек, Нұртөре Сман, Қуаныш Сыбанқұл, Айару Байұзақ, Рамазан Сабит, Айғаным Аллаберген, Талант Жапар және Асылай Әмірхан ақынның туған жерге, елге арналған өлеңдерін шеберлікпен мәнерлеп оқыды. Әлинұр Оразбай «Ұлы елім» әнін, Ерке Ерғали «Отан» әнін, ал Асылай Әмірхан «Ана жаным» әнін орындап, тыңдарманға ерекше әсер сыйлады. Сондай-ақ, Зере Торланбай мен Кәусар Торланбай «Еркесылқым» және «Домбыра» күйлерін нақышына келтіріп орындаса, шараның көркін «Айкөркем» би тобының «Шашу» биі одан әрі ашып, кештің мерекелік рухын айшықтады.
Кітапхана әдіскері Динара Дадашева ақынның шығармашылық жолына арналған «Жұбан жырлары жүрегімізде» атты кітап көрмесі, «Ұлт мақтанышы – Жұбан Молдағалиев» ауызша журнал, «Жұбан Молдағалиев – ұлт рухын жырлаған ақын» әдістемелік құрал, «Жыр қыраны – Жұбан ақын» библиографиялық көрсеткіш, ақпараттық-жарнамалық флайер және «Жұбан» кітап инсталляциясымен таныстырды.
Қорытынды сөз кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Шарифат Каниева мен бірыңғай қорларды пайдалану және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Күләш Таубалдиеваға беріліп, меңгерушілер іс-шараға белсене қатысқан оқырмандарға алғысын білдіріп, олардың еңбегін жоғары бағалады. Іс-шараға қатысқан оқырмандар Алғысхаттармен марапатталды.
Көктөбе ауылдық кітапханасы өткізген бұл поэзия кеші жас ұрпаққа ақын шығармаларын насихаттап, ұлттық рухымызды дәріптеуге зор үлес қосқаны анық.

Аида ШӘКІР,
аудандық орталық
кітапхананың қызметкері

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close