Basty bet

«Заң мен тәртіптің қағидатын ұстануымыз қажет»

Қоғамда Заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама» жай ғана қағаз жүзіндегі жоспар емес, бұл халықтың құқықтық санасын мәдениетін көтермелейді, сол арқылы заңға деген құрметін арттыруға бағытталған стратегиялық қадам болып отыр.

Қазіргі қоғамда тәртіпті басты құндылыққа жан-жақты дәріптеуіміз баршаға ортақ міндет болуы шарт.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы: «Заң – қысым көрсетуге немесе қудалауға арналған құрал емес. Заң – əр адамның құқығы мен бостандығының қорғаны. Біз осы ақиқатты терең түсінетін азаматтық жəне мəдени орта қалыптастыруымыз қажет. Тəртіп жалпыға ортақ құндылыққа, ал заңға бағыну – əркімнің өмір салтына айналуға тиіс» деген болатын.

Заң жəне тəртіп қағидаты бір-бірінен ажырағы-сыз. Заң арқылы тəртіп орнаса, тəртіп заңның орындалуының кепілі. Адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеп, əлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететін заң мен тəртіпті дұрыс үйлестіре білу – қоғамның дамуымен қатар, азаматтардың

қауіпсіздігі мен бостандығына негіз болады.

Заңға мойынсұнып, тəртіпке бағыну адам өмірінде болуы мүмкін көптеген келеңсіздіктің алдын алады. Осы себепті, əрбір құқықтық жағдайға

азаматтар өте сақ қарап, оның заңға қайшы келмеуіне баса мəн берулері тиіс

Бұлай дейтініміз, азаматтардың кейбірі біреуден қызмет не зат сатып алатын кезде қарапайым келісімшарт жасаспайды. Соның салдарынан құқықтық қатынастарды дəлелдей алмайды. Өйткені, бұл ретте ешқандай құжат, яғни, шарт жоқ.

Тағы бір мысал, жұмысқа тұрып, келісімшарт жасағанда ондағы маңызды тармақтарға мəн бермейді. Қандай жағдайда қандай құқықты қолдануға болатынын тіпті де ойланбайды. Мұндай жағдайлар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға мемлекеттік деңгейде күш салу қажеттігін көрсетеді.

Əрбір қазақстандықтың өз құқығын білуі, сонымен қатар, құқықтық мəдениетін көтеруі заңға құрметпен қарап, тəртіпке бас июінің жарқын көрінісі.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында қоғамда құқықтық мәдениет пен құқықтық тәртіп деңгейі артуының оң үрдісі байқалады.

Қоғамдық санада түбегейлі өзгерістер орын алып, азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейі артуда, қоғамда мінез-құлықтың жаңа моделі және жаңа құндылықтар орнығуда.

Соңғы кезеңде алаяқтық, әсіресе интернет пен телефон алаяқтығының үлесі айтарлықтай өсті және енді олар құқық бұзушылықтар саны бойынша бірінші орында тұр.

Заңға мойынсынатын азаматтар заманауи технологияларды даму немесе өнертабыстар үшін пайдаланатыны сияқты, қылмыстық әлем де қылмыстар жасауға мүмкіндік беретін механизмдерді табады.

Әлеуметтік желілер мен басқа да онлайн-платформалар арқылы жалған ақпарат тез таралып, қоғамдық көңіл-күй мен саяси процестерге әсер етеді.

Интернет радикалдандыру және террористерді арбау алаңына айналды.

Экстремистік ұйымдар өз насихатын тарату, шабуылдарды үйлестіру және жоспарлау үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдаланады.

Заң мен тәртіп – біздің мызғымас тұғырымыз. Бұл, ең алдымен, еліміздің әр азаматына және барша халқымызға ортақ тәртіп. Ал біздің идеологиямыз қарапайым әрі түсінікті.

Мектеп оқушыларына арналған құқықтық ағарту практикасын енгізу шынайы жағдайларда құқықтық білімін тиімді қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған оқытудың әртүрлі нысандарына белсенді қатысуды қамтиды.

Ашықтық пен халықпен өзара іс-қимыл наразылық деңгейін төмендетуге және әлеуметтік шиеленісті азайтуға көмектеседі.

Заң идеологиясын ілгерілету кезінде қазақстандық қоғамның менталитеті мен құндылықтарын ескеру маңызды.

Дәстүрлі мәдениеттің позитивті элементтеріне – үлкендерге құрмет көрсетуге, әділеттілікке ұмтылуға, халық билерінің заңды сақтаушылар ретіндегі мұрасына сүйену құқықтық тәрбиеге жақын және түсінікті нысан беруге көмектеседі.

Осылайша, халықтың жоғары құқықтық сана-сезімі демократиялық, әділетті және берекелі мемлекеттің дамуына негіз болады.

Сот әкімшісі басшысы С.А.Ералиев

Таңдаулы материалдар

Close