Basty bet

Тарихи жәдігерлеріміз – жастарға мұра

Жақында аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі және мекеме жанынан құрылған «Инабат» қыздар клубының жетекшілігімен «Тарихи жәдігерлеріміз – жастарға мұра» атты насихаттау жұмысы жүргізілді.
Шараның мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді, ұтымды пайдалану, тарихи дүниелерді танып білуге, жастарды мәдени, тарихи құндылықтарымызды аялап ұстауға тәрбиелеу.
Саяхатқа ауданымыздағы бірнеше мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Шараны аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Дәулетжан Байдалиев жүргізіп отырды. Ең алдымен, ол ауданға қарасты 14 ауылдық округтердің тарихын айтып өтті. Сондай-ақ, ата- бабамыздан мұра болып қалған батырлардың белдік, садақ, найза, қанжар, шоқпар секілді құнды жәдігерлерімен таныстырып өтті. Көрмеде өлкеміздің аймағынан табылған «Жылқышытөбе» деп аталатын ежелгі қалашықтың археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған құнды жәдігерлері, Берікқара шатқалы мен обалар туралы ақпарат берді.
Музейдегі тарихи жәдігерлермен танысқан оқушылар сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.
Аудандық
«Жастар ресурстық орталығы»

Таңдаулы материалдар

Close