Basty bet

Сауда орталықтарындағы өрт қауіпсіздігі

Сауда үй-жайларына қойылатын өртке қарсы қауіпсіздік барлық талаптарға қатаң сәйкес келуі тиіс. Нормалар мен ережелерді сәл бұзу үлкен материалдық шығындарға және адам шығынына әкелуі мүмкін.
Өз кезегінде сауда объектілерінің басшылары үшін өртке қарсы қауіпсіздіктің міндетті шаралары арасында мынадай негізгі іс-шараларды бөліп көрсету қажет:
•Құрылыс және әрлеу жұмыстары кезінде тек отқа төзімді (жанбайтын) материалдарды пайдалану;
• Автоматты өрт сөндіру жүйесін монтаждау;
•Автоматты өрт дабылын монтаждау;
• Ғимараттың қабаттылығына және сипаттамаларына байланысты шығу жолдары мен эвакуация жолдарының қажетті санының болуы;
• Эвакуациялау жолдарының нормативтік құжаттарға сәйкестігі;
• Өрт техникасының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету;
• Өрт қаупі бар қабырғалар мен төбелерді әрлеу үшін материалды қолдану.
Сауда орнының иесі өрт қауіпсіздігі мәселелерін шешу бірінші міндет екенін және барлық қабылданған шаралар, соның ішінде, қауіпсіздік жүйелерін орнату өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес келуі керек екенін есте ұстауы керек.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close