Basty bet

Сот актілері орындалуы шарт

Сот шешімін орындамай жүрген борышкерлер шоттарындағы ақша қаражатына сот орындаушысы инкассалық өкім шығарып, қажетті соманың өндіріп алушының шотына аударылуын қамтамасыз етеді.
Борышкердің ақшалай қаражаты болмаған жағдайда сот орындаушысы оның жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктерін өткізу жөнінде шаралар қабылдайды.
Қандай жағдайда да сот актілері мен қаулылары, т.б. құжаттары орындалуы керек. Өйткені, орындалмаған сот шешімдері мен үкімдерінің құны болмайды. Əділ шығарылған сот актілерінің орындалмауы халықтың сотқа деген сеніміне нұқсан келтіреді. Сол үшін жеке не мемлекеттік сот орындаушылар заңды күшіне енген шешім нəтижелі болуы үшін оның орындалу жолында бар мүмкіндікті қарастырады.
Мақаламыздың басында айтып кеткендей, жеке сот орындаушысы борышкердің мүлкін өткізуге құқылы. Бұл мүлікті бағалау оны электрондық аукцион нысанында сауда-саттыққа шығару жолымен жүзеге асырылады.
Сот шешімін орындаудан жалтарып жүрген борышкерлер əкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сот актілерін орындауда үйден шығару, жалақыны өндіріп алу, алимент мəселелері істердің əлеуметтік маңызды санатына жатады. Осылардың ішінде алимент бойынша шешімдердің орындалуы көптеген қиындықтар туғызады.
Өкінішке қарай, борышкерлер арасында «бауыр еті» баласына қамқорлық жасаудан қашатындар жоқ емес бар. Олардың мұндай жауапсыздығы балаға зардап шектіреді. Мысалы, борышкер жұмыс істемейді, тіпті, оның тұрғылықты жері де болмайды.
Атында ешқандай дүние-мүлік жоқ. Сондықтан, сот шешімінің орындалуын қамтамасыз ету үшін алдымен оларды жұмысқа тұрғызуға əрекет етеміз. Яғни, сот шешімдерін орындатумақсатында жұмыссыз борышкерлерге тиісті орындар арқылы жұмыс тауып беріледі.
Борышкерлер арасында жұмысқа орналасудан бас тартатындар да кездеседі. Ондай кезде əкімшілік жəне қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары жасалады.
Алимент мəселесінде айтарымыз, жеке сот орындаушылар борышкер мүлкіне тыйым салып, оны сауда-саттық арқылы сату жəне өндіріп алу сомасы шегінде банк шоттарына тыйым салады жəне шетелге шығуға шектеу қоя алады. Яғни, алимент өндіру жеке сот орындаушылардың тікелей міндеті екенін жоққа шығармаймыз.
Дегенмен, бала тағдыры ел азаматтарының барлығын алаңдатуы тиіс. Болашағымыздың жарқын болуын қалайтын əрбір адам бала өміріне бейжай қарамай, оның ата-ана қамқорлығын бірдей көруіне, яғни, алимент мəселесінің тиімді шешілуіне барлық құзырлы орындар біріге атсалысулары керек.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демей ме дана халқымыз. Қоғамда борышкер əкелерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ашық көрсетіп көпшілікке жария ету артықтық етпейді.
Олар өздері жүргізген атқару істерін атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне тіркеуге міндетті.
Сот актілерінің орындалуы қыруар қаржының ел экономикасының дамуына да атсалысатыны анық екенін білуіміз қажет.

Самат Ералиев,
аудандық сот әкімшісінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Close