Basty bet
«Борышкер-2026»
Жуалы ауданының тұрғындары мен қонақтары! Қаңтар айының 20-23 жұлдызы аралығында аудан аумағында төленбеген айыппұлдарды өндіру мақсатында «Борышкер-2026» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Осы іс-шара барысында Жуалы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері және аудандық жеке сот орындаушылармен бірлесіп салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастыруда. Сол себептен, Сіздерден салынған әкімшілік айыппұлды уақытында №204106 есеп-шотқа төлеулеріңізді сұраймын. Айыппұлды төлегеннен кейін төленгені туралы түбіртекті Б.Момышұлы ауылы Рысбек батыр көшесі №84 мекенжайында орналасқан, Жуалы АПБ-ның әкімшілік полиция бөлімшесінің әкімшілік практика тобына алып келулеріңіз қажет!
Д.Бейсеев,
Жуалы АПБ
ӘПБ-ның бастығы.
Полиция капитаны